КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФІ ҚАНДАЙ?

62

0

Облыстық
ішкі саясат басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, электр энергиямен
жабдықтаушы мекемелердің электрмен жабдықтау құнының 60 пайызы электр
энергиясын сатып алуға, 37-39 пайызы электр энергияның транзитіне жұмсалады,
қалғаны мекемелердің жабдықтау үстемеақысы (снабженческая надбавка) болады.
Соңғы 5 жыл ішінде мекемелердің тарифтерін бекіту кезінде жабдықтаудың
үстемеақысы өзгеріссіз қалған, тек электр энергияның сатып алу құнына
байланысты көтерілген.

Біздің
облысымыз энергияға тәуелді аймақтардың бірі болып табылады. Өңірде жалғыз
энергия өндіруші мекеме болғандықтан, жетіспейтін қалған көлемі еліміздің
солтүстік және оңтүстік аймақтарынан жеткізіледі. Сонымен қатар, электр
энергиямен жабдықтаушы мекемелердің тарифіне «КЕГОК» АҚ-ның тасымалдау
қызметінің тарифі қосылады.

ҚР
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 105-ОД
бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап «КЕГОК» АҚ-ның желілері
бойынша электр энергиясын тасымалдау қызметінің тарифі 1 кВт/сағатқа
ҚҚС-мен 1,462 теңгеден 2,188 теңгеге дейін көтеріледі. Бұл жағдайда,
болжам бойынша облыстағы электр энергиясымен жабдықтау қызметінің тарифтері 4,7 %-дан 5,1%-ға дейін өседі.
Бұдан басқа, ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы №392 қаулысына сәйкес 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр
станциялардан сатып алынатын электрэнергияның
бағалары 2,4 %-дан 10 %-ға дейін,
сонымен қатар «Қызылорда электр
тораптары тарату компаниясы» АҚ-ның тасымалдау
қызметіне тарифтің 1
кВт.сағатқа ҚҚС-мен 4,20 теңгеден 5,33
теңгеге дейін өсуі күтілуде, бұл энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың орташа
босату тарифтерінің 10,9 %-дан 11,1 %-ға
дейін көтерілуіне әкеледі.

Жоғарыда
аталған тарифтердің өзгерулерін ескере отырып, электр энергиясымен жабдықтау
қызметіне тарифтердің 16,3 %-дан 16,6 %-ға дейін өсуі мүмкін.

Ә.ӘЙТПЕНБЕТ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз