КӨПШІЛІККЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ

89

0

Еліміздің
қос Парламентінде салмақты депутаттар қатары жеткілікті. Олар сайланбалы орган
жұмысында белсенділік танытып қоймай, өздіктерінен көп жұмыс жасай
алатындықтары ақиқат. Халық қалаулылары тек өз сайлаушылары үшін ғана емес,
қала және облыс, қала берді мемлекеттік деңгейдегі мәселелерге де атсалысып
келеді. Мұндай депутаттар біздің облыстық
мәслихатта да баршылық. Солардың бірі – №21 Ғ.Мұратбаев сайлау округінен
сайланған «ҚазГерМұнай” біріккен кәсіпорны” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
бас директоры Кәрім Медет Сапиұлы.

Оның облыстық
мәслихат құрамында болғанына биыл екінші жыл. Алайда ол осы аз ғана уақыттың
ішінде қызылордалықтар үшін көп нәрсе жасап үлгірді. Сөзіміз дәлелді болуы үшін
есепке жүгінер болсақ, жарты миллиард теңгеден астам қаржының халық игілігіне
жұмсалуына үлес қосыпты. Бұл орайда алдымен сұлу Сырдың бойына орын тепкен «Мұз
айдыны” тілге оралады.

Бүгінде барша
облыс тұрғындарының көз қуанышына айналған зәулім сарайда бұрын теледидардан
көріп, тамашалайтын хоккей мен мәнерлеп сырғанауды қазіргі таңда жүздеген
өрендер үйренуде. Жасыратыны жоқ, бұл балғындар өз өмірлерін өздеріне
бұрын-соңды таңсық осынау спорт түрлерінсіз елестете алмайтын секілді.

Мүмкін емес
десек те шындығы сол Қызылорда түнгі хоккей лигасы құрылды. Мұнда Байқоңыр
қаласынан хоккейге қызығушылар жиі ат ізін салуы дағдыға айналды. Олар
шеберліктерін шыңдап, жолдастық кездесулер өткізуде. Осыдан кейін бізге осындай
спорт сарайы қажет екендігі ешқандай дау туғызбасы анық.

Қызылорда
халқының арманына қол жеткізулеріне депутат Медет Кәрімнің еңбегі өлшеусіз
десек, артық айтқандық емес. Оның тікелей белсенділігімен өзі басқарып отырған
компания «Мұз айдыны” ғимаратының құрылысына қажетті 440 миллион теңге қаржы
бөліп, «Игілік” корпоративтік қорына аударған.

КӨПШІЛІККЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ– Бұл нысанның
құрылысында жеке үлесім бар деп айта алмаймын. Мұны біздің «ҚазГерМұнай”
біріккен кәсіпорны” ұжымының аймақ спорты мен дене шынықтыру саласын дамытуға
қосқан үлесі деп қабылдаңыздар, – деген Медет Сапиұлы, – облыстық мәслихат
депутаттығына өз кандидатурамды ұсынбас бұрын ең алдымен ұжымдағы
әріптестеріммен ақыл­дастым. Содан соң ғана олардың қолдауымен сайлауға түсуге
тәуекел еттім. Сайлау алды бағдарламамды да тілектестеріммен кең көлемде
талқыладық. Соның нәтижесі болар, менің барлық ұсыныстарыммен жа­салған жобалар
олардан үнемі қолдау тауып отырады. Бұған таңғаларлық негіз жоқ. Өйткені,
компанияда жұмыс жасайтындардың басым бөлігі қызылордалықтар. Сондықтан
аймақтың барлық елді мекендерінің талапқа сай көркеюіне олар да ықыласты деп
ойлаймын, – дейді.

Облыстық
мәслихаттың әрбір депутаты өз округінің сайлаушыларына ғана емес, бүкіл облысқа
танымал болуы тиіс. Кей кезде оның қолұшын созатын қандай да бір маңызды
қоғамдық шара туындауы мүмкін. Мә­селен, «Мұз айдыны” сарайы сияқты ауқымды
құрылыс нысаны.

Десек те, халық
қалаулысының негізгі жұмысы біздің өміріміздің түйткілді мәселелерін
жақсартудағы орны бөлек облыстық мәслихаттың шешімдерін қабылдауға тікелей
атсалысу болып табылады. Өте қиын сұрақтар, әсіресе, сессияда облыс бюджетін қаржыландыру,
сол бюджеттің өзін толықтыру мәселелері талқыланған кезде туындап жатады.

– Айналып
келгенде, сессияның шешімдерін депутаттар әрдайым түсіністікпен,
салқынқандылықпен қабылдайды, – дейді Медет Сапиұлы. – Мен айтар едім,
мәслихаттағы әріптестерімнің бәрі де көргені көп, өмірден түйгені мол, жоғары
білімді өз ісінің білгірлері. Олар өңірдің жедел қарқынмен өсіп-өркендеуіне аса
ынталы. Жасыратыны жоқ, кейбір мәселелерде әр түрлі пікірлер туындайды. Бірақ
келісімге келмеске шара жоқ.

Қазіргі таңда
біздің облыс қиын дегенмен қызықты да ауқымды жобалар кезеңін бастан өткізуде.
Алаңдатарлығы сол, Оңтүстік Торғай иініндегі кеніштерден көмір сутекті шикізат
өндіру көлемі азайып келеді. Ал бұл сала аймақ кірісінің басым бөлігін
құрайтыны белгілі. Екінші жағынан алсақ, облысты дамыту стратегиясы жасалып,
басқа салада ірі өндіріс кластерлерін құру қолға алынбақшы. Ол металлургия және
машина жасау өндірісі. Дегенмен, біздің өңір үшін жаңа сала қайтарыммен жұмыс
жасап, жергілікті бюджеттің кіріс көзін толтырса деген үміт мол. «Қара алтын”
өндіру де әлі ондаған жыл осы деңгейде болады деген болжам бар. Бұл өз
кезегінде облыстың әлеуметтік және тұрғын үй құрылымдық жобаларын
қаржыландыруды төмендетпей, керісінше басқа салаларды дамытуға да мүмкіндік
беретін болады.

«Байқоңыр”
инвестициялық форумдарының өткізілуі облыстың әлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштерінің көтерілуіне біршама тиімділік келтіреді деп күтілуде. Осы
форумдарда қол қойылған меморандумдар лайықты жобаларға жол ашатын болады. Оған
депутаттық корпус түгелімен үн қосуда.

Облыс
индустриясын дамытуда ойы өрісті жоғары білімді жас мамандар қажет екені
айтпаса да белгілі. Бозбалалар мен бойжеткендер мектеп қабырғасында жүрген
кезінен-ақ жақсы оқу әрқашан жақсы дивиденд келтіретініне сенімді.

– Біз «Алтын
белгіге” ие болған 64 мектеп бітіруші түлектің лайықты сияпатқа ие болуы үшін 5
млн. теңгеден астам қаражат бөлдік, – дейді облыстық мәслихат депутаты. – Озат
оқушыларға ноутбукты сыйға тартып тұрып алаулаған жүздеріне сынай қарағанымда
олардың қанағаттанғандық сезімде тұрғандарына риясыз сендім. Қаншама ойшыл көз,
қаншама оптимизм. Мен болашақ ізбасарларымыздың қолын қысып тұрып, олардың
ойшыл көздерінен бүгінгі талпыныстарымыздың лайықты жалғастырушылары өсіп келе
жатқандығын байқадым.

Өткен жылы №21
сайлау округі депутатының жәрдем беруімен басқа да маңызды әлеуметтік жобалар
іске асырылды. Солардың бірі Қызылорда әуежайының жолаушыларға арналған
VIP-залы күрделі жөндеуден өткізілді. Біздің өңірге келуші ірі кәсіпкерлер
қатары соңғы жылдары үздіксіз өсуде. Сондықтан оларды лайықты қарсы алып,
өзіміздің әуе айлағынан құрметпен шығарып салуымыз керек. Депутат Медет
Кәрімнің тікелей араласуымен компания бөлген 30 млн. теңге әуежайдың
VIP-сервисін әлемдік нормаларға сәйкес келетіндей етіп жасауға мүмкіндік берді.

Өткен жыл
«Қайсар” футбол клубы жанкүйерлерінің есінде қалған болуы керек.
Жерлестеріміздің өз алаңындағы соңғы матчтарында ұтысқа жеңіл автокөліктер
тігілді. Бұл игі істің бастамашысы да «ҚазГерМұнай” компаниясы болды. Олар
алғашқы ұтысқа құны 1,5 млн. теңгенің жеңіл автокөлігін тікті.

КӨПШІЛІККЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫБылтыр Қызылорда
қаласының 195 жылдық ме­рейтойы
тойланды. Онда қала күні мерекелерінің та­рихында алғаш рет кең көлемде
ретро-фестиваль өт­кізіліп, ол мыңдаған қызылордалықтардың есінде қал­ды.
Мұндай мәдени шара тиянақты дайындықты және ауқымды қаражатты қажет ететіні
белгілі. Сол фесьтивальді ұйымдастырушылар өз өтініштерімен кел­­ген кезде де
депутат Медет Кәрім оларды қолдап, «Игі­лік” корпоративтік қоры арқылы
ретро-фестивальға 22 млн. теңге бөлінді.

«Қара алтын” өндіру
тәулік, тіпті жыл бойы жүргізілетін процесс.
Сондықтан бірінші басшыда бос уақыт бола бермейді. Бірақ Медет Сапиұлы
осындай қарбалас тірлік арасында өз сайлаушыларына уақыт бөліп, олардың
талап-тілектерінің орындалуына ерек­ше көңіл бөледі. Ол өтініштер әр түрлі
болады. Со­ған қарамастан қаншама адамға қуаныш сыйлап, мұқ­таждықтарына
жәрдемін берумен келеді.

Қызылорда
қаласына Қазақ мемлекеттік циркінің труппасы келген кезде де өз сайлаушыларының
өтініш­тері бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына
А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үй­ін­де өткен көрсетілімдерді көруге
мүмкіндік жаса­ды. Сайлау округінің екі жүз балғындары циркті тама­шалауға
жарты млн. теңге қаржы бөлініпті. Мұндай мә­дени шаралар дәстүрге айналды.
Соның дәлеліндей, көп ұзамай тағы алты жүз бүлдіршін қуыршақ теат­рының өнерін
тамашалады. Н.Бекежанов атындағы об­лыстық музыкалық драма театрда болған бұл
шара ха­лықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылды.

Мектеп бітіру
кеші қайталанбас оқиға. Оған бітіруші талапкерлер сәнденіп барғанды қалайды.
Бірақ оны кез келген ата-ананың қалтасы көтере бермейді. Сондықтан 21-ші сайлау
округіндегі мектеп бітірушілердің қиналысын сезінген халық қалаулысы бұл
мәселені де оңынан шешті. «Ақ жол” акциясы шеңберінде сәнді киімдер алуға екі
млн. теңге бөлінді. Аталмыш округте орналасқан №233 орта мектептің былтыр
қырықжылдық мерейтойы аталып өтті. Осыған орай ұстаздар қауымы өз мектептерінің
тарихы туралы кітап шығаруға ұйғарымға келді. Бірақ олардың жартымсыз жалақысынан
оны шығаруға қиындық туындады. Бұл мәселеде де депутат көмекке келді. Осы білім
ордасының қабырғасында өткен сайлауда мандатқа ие болған Медет Сапиұлы 360 мың
теңге бөліп, кітаптың таралуына атсалысты.

Өткен жыл
депутат үшін таусылмайтын балалар ертеңгіліктерімен аяқталды. Округтің бес жүз
бүлдіршіні жаңажылдық сыйлыққа ие болды. Бұл мақсатқа 250 мың теңге жұмсалды.

№21 Ғ.Мұратбаев атындағы сайлау округі орналас­қан «Шұғыла”
ықшам ауданында он жыл бұрын «Ак­ва­парк” салынған болатын. Ол ұзақ уақыт жұмыс
іс­темесе де, ескірген нысан ауданның әрін кетіріп тұрды. Облыс орталығының бұл
бөлігіне көп жылдар бойы көңіл бөлінбей келді. Сайлаушылар тағы да халық
қалаулысына өтінішпен шықты. Соның нәтижесінде мұнда субұрқақ салынып,
жарықтандырғыш шамдар мен спорттық снарядтар қойылды.

– Аталмыш парк
пайдалануға берілгеннен кейін келіп көргенімде көңілім керемет күй кешті, –
дейді баспа саласының ардагері Клара Цой. – Енді біздің мұнда әжелер спорт
клубы бар. Осында өзіміз дене шынықтырумен айналыссақ, немерелеріміз ойынның
қызығына беріледі. Осындай қуаныш сыйлаған депу­татымыз Медет Кәрімге алғыстан
басқа айтарым жоқ.

Бұл жобаны
жүзеге асыру үшін қомақты қаржы қажет болды. Оған екі траншпен жетпіс млн.
теңге бөлінді.

Жалпы «қара
алтынның” білгірі Медет Сапиұлының аймақ үшін пайдалы ісі мұнымен шектелмейді.
Оған дәлел, «Ақшабұлақ” кеніші мен компанияның бас ғимаратын көргенде көз
тоймайды. Жағалай желек, субұрқақтар.

КӨПШІЛІККЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ

Депутаттық
мандатты иеленген округтегі №№187, 7, 235 және 233 орта мектептердің спорт
алаңдары ескіріп, күрделі мәселенің ұзақ жылдар шешімі табылмай келген еді. Ол
туралы сайлаушылар өз депутатына өтініш білдіріп, құрылыс тегершегі қолға
алынды. Қазіргі таңда жоғарыдағы білім ошақтарының әрқайсысында жасанды төсеніш
төселген заманауи спорт алаңдары көз тартады. Осы жобаларға қырық млн. теңге
жұмсалыпты.

 

Депутат Медет
Кәрімнің қатысуымен іске асырылған жобалардың барлығы балалар үшін жасалған.
Қандай бір жағдай болмасын кішкентай қызылордалық өтініш білдірсе, ол болмайды
деп айта алмайды. Халық қалаулысы №7 арнайы бейімдеу мектеп-интернаты
педагогтарының өтінішіне құлақ асып, тәрбиеленушілер үшін шағын автобус алып
берді. Оған 3,5 млн. теңге жұмсалған.

– Әрине, маған
өтініш білдірушілер өте көп. Мүмкіндігінше соның бәрін қанағаттандырғым келеді,
– дейді облыстық мәслихат депутаты Медет Сапиұлы Кәрім сөз соңында.

 

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз