КӨРКЕМСУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ

106

0

КӨРКЕМСУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жергілікті маңызы
бар тарих және мәдениет ескерткіштері мемлекеттік мекемесі ғимаратына
орналасқан көркемсурет галереясымен танысты.

Галерея орналасқан ғи­мараттың реставрация жұмыс­тарына
биыл облыстық бюджеттен 70754,4 мың теңге қаржы бөлініп, оны «Қазқайтажөндеу”
республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүргізген.

Ғимараттың бірінші қабатына толық галерея орналасса, екінші
қабаттан суретшілерге арналып алты бөлме бөлінген. Көркем сурет галереясының
жалпы көлемі 350 шаршы метрді құрайды. Мұнда галереяға лайықтандырылып 3 зал
жасақталған. Оның біріншісінде көрмелер ұйымдастырылатын болса, екіншісіне
музей қорын­дағы суретшілер туындылары орналастырылады. Ал үшінші зал изостудия. Сондай-ақ осында балғын суретшілерге арналып
арнайы бөлме ашылып отыр.

Қазіргі таңда музей қорында
есімі елімізге әйгілі Ә.Қастеев, Г.Хлудов, Г.Исмаилова, А.Ғалымбаева,
С.Сенчихин, Қ.Мамақов, Қ.Қожықов, Ө.Мамақова, тағы басқа суретшілердің 260
картинасы бар десек, солардың бір парасы аталмыш галереяға қойылыпты. Сонымен
бірге мүсінші Жәркен Исмағұловтың қолынан шыққан туындылар да көпшіліктің
қызығушылығын танытты. Бүгінгі күні облыс бойынша Қазақстан Суретшілер одағына
мүше 32 жергілікті қылқалам шеберлері бары қуантады.

Алдағы уақытта ғимарат
ауласынан ашық аспан астындағы музей ашу жоспарланып, оған екі-үш жоба
дайындалуда екен.

Көркем сурет галереясы
келешек облыстың туристік кластеріне қосылады деп күтілуде.

 

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз