КӨШЕ ТОЛЫ КӨРКЕМ БЕЙНЕ

90

0

КӨШЕ ТОЛЫ КӨРКЕМ БЕЙНЕ Бүгінде қала келбеті адам танымастай өзгерді. Астана
болған Ақмешіт күн санап жанданып, жаңаруда. Сәулетті де зәулім ғимараттар,
субұрқақтар, саябақтар мен демалыс орындары, ұлттық нақыштағы бейнелер де қала
көркін ажарландырып тұр. Әсіресе, жаз мезгілінде қала көздің жауын алатын қызылды-жасылды гүлге толады. Жақында Жібек жолы даңғылының бойы қазақ
халқының ұлттық салт-дәстүрін, мәдениетін көрсететін дүниелер қатарымен тағы
да толыға түскенін көрдік. Бұған дейін
шаңырақ, домбыра секілді бейнелер орнатылған болатын. Бұл жәдігерлердің барлығы қазақ халқының бай, құнды мұраларынан хабар береді.

Мәселен, атап айтар болсақ, ұлттық ойындар көкпар,
аламан, аударыспақ, қыз қуу әсерлі жасалған. Ару озып келеді. Артында жігіт
атына қамшысын батыра салуда. Ал көкпар ойынында бір топ жігіт серкеге таласып,
салым салуға асығуда. Сондай-ақ, керуен
көші, саятшылық секілді ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан дәстүрімізді де
нақышына келтіре бейнелепті. Көше бойында көшпенді халықтың керуен көші де орын
тепкен. Онда бір отбасының жайы көрсетілген. Керуенді бастаған отағасы, артында
баласы мен анасы бір нарға жайғасқан және жүк артылған тағы бір нар
келеді. Ал ұлттық киімдегі қазақ аруы,
басында бөркі, түрлі асыл тастармен
көмкерілген камзолы, бүрмелі етек көйлегі, шолпысы мен әшекейі көздің жауын
алады. Нағыз қазақ аруы дерсіз. Ошақ басындағы кимешек киген отанасы да сәтті
шығыпты. Бүркіт ұстап, тазы жүгірткен бір топсаятшылар қазақтың жігіттерінің бейнесін сомдаған. Қазақ жігіттері сегіз
қырлы, бір сырлы болған емес пе, бейнеленген көріністер соны аңғартады. Бұл
бейнелердің барлығы дерлік ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, өткеннің
белгісі ретінде, жас ұрпақтың бойына қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрін,
әдеп-ғұрпын, мәдениетін сіңіру үшінқойылса керек.

Расында, қала сәнін осындай мағыналы да мәнді қазақ
халқының ұлттық дүниелерiмен толықтыра
түскені көңілге қуаныш ұялатады. Ойсалары да анық.

Сара
ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ,

Нұрболат
НҰРЖАУБАЙ (сурет).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз