КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ ӨРКЕН ЖАЯ БЕРМЕК

50

0

Өңірдегі кәсіпкерлік саланы дамытуда бірқатар шаралар атқарылуда. Бұл бағытта мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар да бар. Орта және шағын бизнестің дамуына келтіретін кедергілер мен салықтағы жеңілдіктер соның айғағы. Алайда аймағымыз республикада әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша соңғы орында екені рас. Сондықтан облыс басшысы ең кемінде алдыңғы бес аймақтың қатарына кіру үшін жыл сайын жалпы өнімді 8 пайызға өсіріп отыруды міндеттеді. Сонымен қатар, бізде ішкі жалпы өнімде орта және кіші бизнестің үлесі 25 пайыздан аспайды. 
Жуырда баспасөз беттерінде жарияланған облыстың 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы кәсіпкерлер үшін маңызды құжат болып саналады. Себебі, болашақта кәсіпкерліктің қай саласын дамыту көзделуде, оны жүзеге асыруда қандай басымдықтарға назар аудару қажеттігі айтылған. Алдағы жасайтын жұмыс жоспарымызда біз бұл стратегияны міндетті түрде ескеруіміз керек. 
Өңірде кәсіпті жаңадан бастаушылар үшін жақсы жағдайлар жасалуда. Мәселен, бұл бағытта қайтарымсыз несие беріледі. Бізде жалпы, кәсіпорындардың саны 9 пайызға артты. Бұл, яғни жұмыссыздық мәселесінің оң шешілуіне ықпал етуде. Бүгінде өңірде инфрақұрылым, құрылыс қарқынды дамуда. Инфрақұрылым жақсы дамымайынша, кәсіпкерлік саланың өркендеуі мүмкін емес. Сондықтан, әсіресе, осы саланың қанат жаюына аймақта жақсы көңіл бөлінуде.
Облыс тұрғындары үшін маңызды құжатта аталған мәселелердің болашағы жайында нақты жүктемелер берілген.  Өңір экономикасын стратегияда бағытталған нақты міндеттемелер арқылы дамытуды алдымызға мақсат етіп қоя отырып, біз де ортақ мүддеге өз үлесімізді қосамыз дегім келеді.
Әбілқасым МӘМБЕТОВ,
«Иман-Ихсан» ЖШС директоры. 
Қызылорда қаласы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз