КУРСК ШАЙҚАСЫНЫҢ КУӘГЕРІ

47

0

Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай аймақ басшысы Қырымбек
Көшербаев Ұлы Отан соғысының ардагері, Курск шайқасының көзі тірі куәгері
Әбдірахман Бәйтіковтің отбасында болып, Жеңіс күнімен құттықтады.

Зұлмат жылдарда 18-дегі бозбала Әбдірахман көппен бірге
сұм соғысқа аттанады. Алдымен Ашхабад қаласында кіші командирлер құрамының
курсында оқиды. Майдан даласында, тарих
қойнауында «танк шайқасы” атауымен қалған Курск түбіндегі қиян-кескі соғыста
шайқасады. Фашистердің екі ірі тобын талқандап, Мәскеуге бет алған ауқымды шабуылына
тойтарыс берді. Курск түбіндегі ұрыс Екінші дүниежүзілік соғыста шешуші маңызға
ие болып, басқыншы фашист армиясының стратегиялық жоспарының күлін көкке
ұшырады. Жаяу әскер құрамының кіші командирі сол сұрапылда жарақаттанып, 5 ай
госпитальда емделеді.

«Елге оралған соң, әрі қарай оқи алмадым. Төрт атадан
жалғыз ұл едім. Ата-анамды, ағайындарымды асырадым. Жарақат қолым жазуға да
мүмкіндік бермеді, колхоздың түрлі жұмыстарын атқардым», – дейді Әбдірахман
ата. Кештеу үйленсе де, жұбайы Батыр ана атанып, 10 бала тәрбиелеп, 29 немере,
6 шөбере сүйіп отыр.

Кейінгі ұрпаққа
бейбіт өмір, тілейтінім тыныштық! – дейді 90-дағы қарт батыр.

Облыс әкімі
ардагерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық және отбасына аман­дық тілеп, сый-сияпат
жасады.

 

Нұрбек
ДӘУРЕНБЕКОВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз