ӘЛ-ФАРАБИ АУМАҒЫ АЖАРЛАНА ТҮСТІ

61

0

Қаланың шеткі аймағы саналатын Әл-Фараби бабамыз
атындағы көшеге алғашқы қоныстанушыларға 25 жылдай уақыт болса, соңғы 5-10
жылда жаңадан үй салушылар көбейіп, халық саны мұнда 17-18 мыңға жуықтады.
Жаңадан екі мектеп салынды. Тұрғындарды ауыз су, аяқ су, электр қуатымен
қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Ал соңғы екі жылда
табиғи газ да келтірілді.

Бұл
аймақтағы көптен шешімін таппай келе жатқан өзекті проблема ауыр салмақты
автокөліктердің жиі жүруінен жолдардың ойылып кетуі еді. Күзгі және көктемгі
жауын-шашынды күндері мар­шрут­тағы көліктер уақытылы жүрмей, тұрғындар зардап
шекті, қаланың басқа аймақтарында жұмыс істейтін тұрғындар жұмыстарына уақытылы
бара алмады. Маршруттағы көліктер қысқы уақыттарда ерте тоқтап, тұрғындар
үйлеріне жете алмай, әуре-сарсаңға түсті. Әсіресе, жолдың екі шетіндегі
мектептерге оқушылардың жаяу-жалпылап, балшық кешіп баруы қиындық келтірсе,
тротуардың жоқтығынан оқушылардың жол-көлік оқиғаларына ұшырауы жиіледі.

Облыс
әкімі Қырымбек Көшербаев былтырғы көктемде қаланың шеткі аймақтарын аралау
кезінде Әл-Фараби көшесінің жағдайын өз көзімен көрді. Тұрғындармен кездесуде
бұл мәселені шешуге уәде берген еді. Биылғы сәуір айында жөндеу жұмыстары
басталып кетті. Оған бюджеттен бір миллиардқа жуық қаржы бөлінгенін баспасөз
беттерінен естідік. Жол құрылысын атқару қуатты техникалары, тәжірибелі
мамандары бар «УАД» ЖШС-на тапсырылған екен. Мердігер мекеме тынымсыз жұмыс
атқарып, 5 шақырым жерге 3 қайтара асфальт жүргізілді. Бірнеше аялдамалардың
орны жасалды. Көшенің екі жағынан жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салынды.
Қазіргі ауқытта күрделі жөндеуден өткен жолдың екі жағын топырақпен, майда тас­пен
өсіру жұмыстары жүргізілуде. Қысқасы, жолдың құрылысы таяу күндерде
аяқталмақшы. Ал көшеге жарық жүргізу, су жүретін лоток салу жұмыстарының
жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатқанға ұқсайды. Бұл жұмыстар да
кезегімен атқарылады деген сенімдеміз.

«Жақсының
жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, халыққа
қысқа мерзім ішінде жол салып беріп, өзінен бұрынғы басшылардың және
өзінің уәдесін орындап, халыққа қамқорлық жасағаны үшін облыс басшысы Қырымбек
Көшербаевқа Әл-Фараби көшесі мен оның аумағындағы тұрғындардың ризашылығын
жеткізуді азаматтық парызым деп санадым. Лайым, осындай ізгілікті істер алдағы
уақытта да жалғасын таба берсе, халық пен биліктің арасындағы алтын көпір берік
болмақ.

Тұрғындар
атынан: Тобаш Ембергенұлы,

Қазақстан
Журналистер одағының мүшесі.

Қызылорда қаласы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз