ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІҢ ТАҒАЙЫНДАЛУ ТӘРТІБІ

79

0

Қызылордада «Әлеуметтік жүйедегі заңнамалық актілердің тәртіптерін түсіндіру» тақырыбында алқа мәжілісі өтті. Арнайы жұмыс тобын бастап келген «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары Ғ.Қарқынбаев әлеуметтік жүйедегі жаңалықтармен таныстырды.
Мәжіліске «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мемлекеттік корпорациясының өндірістік қызметті басқарушы директорлары Б.Жүнісов, Ш.Әбділманов және жинақтаушы зейнетақы және әлеуметтік сақтандыру жүйесі департаменті директорының орынбасары Т.Әміров қатысты. Барлық мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қазіргі уақыттағы ең талқылаулы тақырыпқа қызығушылық танытты.
Алдағы жылдан бастап елімізде зейнетақы, жәрдемақы көлемі өседі. Аймақтағы зейнеткерлер, көпбалалы аналар үшін бұл жағымды жаңалық. Жаңадан енгізілетін әлеуметтік көмек туралы түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Қоғамда аз қамтылған отбасыларға, әйелдердің зейнет жасының ұлғаюына, зейнет жасының есептелуіне қатысты сұрақ көп. Мәжіліс барысында қатысушылар осы мәселелердің реттелуі туралы сауалдарына жауап алды.
М.МЕРЕЙ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз