ҮЛКЕНДЕРДІҢ КӨҢІЛІН КӨТЕРГЕН КЕШ

46

0

Қалалық
ардагерлер үйінде «Егде кісілердің
тамақтану тәсілі және салауатты өмір салты”
деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді облыстық
салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Гүлназ Рыс­бекқызы
жүргізді.

Жиынды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аман­келді Әбдібаев кіріспе сөз сөйлеп ашып,
облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Қайрат
Мырзахметов «Егде кісілердің салауатты өмір салты” жай­­лы өзекті баяндама
жасады. Ардагерлер тарапынан баян­дамашыға
бірнеше сұрақтар қойылып, сұраққа тұшымды жау­­аптар берілді. Дөңгелек үстелде «Сыр ұландары” жас­тар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі
Сәуле Әбілдаева жас­тардың тиімді
тамақтануы, ішімдік пен темекінің зиянына жан-жақты тоқталды. Шара соңы көңілді кешке ұласты. Ән-жыр айтудан, шахмат, дойбы, қол күресі сияқты спорт­тық
ойындардан жарыс өткізілді. Оның жеңімпаздары ар­найы құрмет грамоталармен және
бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тобаш ЕМБЕРГЕНҰЛЫ.

Қызылорда қаласы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз