ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ҮЛКЕН МІНДЕТ ЖҮКТЕЙДІ

54

0

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ҮЛКЕН МІНДЕТ ЖҮКТЕЙДІ

Сейсенбі
күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Сырдария ауданында жұмыс сапарымен болды.
Аймақ басшысы мемлекеттік бағдарламалар бойынша аудан аумағында ұсынылған
жобалармен танысып, өңірде әлеу­меттік-экономикалық дамуды сара­лаған мәжіліс
өткізді. Сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тест өткізуге дайындық барысымен де танысып,
спорт саласында пайдалануға берілген ғимараттың ашылу салтанатына да қатысты.

Облыс
әкімі Қ.Көшербаевтың жұмыс сапары Тереңөзек кентінде ашылғалы отырған спорттық
сауықтыру кешенінен бастау алды. Өздеріңізге мәлім, Елбасы Жолдауында 2020
жылға дейін бұқаралық спортты 30 пайызға дейін жеткізуді тапсырған болатын.
Осыған орай Сырдария ауданында бұл салаға соңғы жылдары ерекше мән берілуде.
Содан да қазіргі таңда аудан бойынша бұл көрсеткіш 24 пайызға жетіп отыр.
Ауданның 9208 тұрғыны жүйелі түрде спортпен айналысады екен. Бір ғана
дерек. Сыр елінің мақтанышы «Сырдария” көгалдағы хоккей спорт клубы жоғары
дәрежеде ойын көрсетіп, ел абыройын асқақтатып келеді. Өткен жылы осы кәсіпқой
спорттық клубының ерлер, әйелдер командалары Қазақстан чемпионатында І орынды
иеленсе, Ресей чемпионатының жоғары лигасына қатысып, бас жүлдені қанжығаларына
байлауы да тектен-тек болмаса керек.

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ҮЛКЕН МІНДЕТ ЖҮКТЕЙДІАймақ басшысы бас мердігер «Айдана” ЖШС шаңырағын көтерген спорттық сауықтыру кешенін салтанатты жағдайда ашып берді. Жобалар құны 119,4 млн. теңге тұратын спорт кешенінде футбол, баскетбол ойнайтын спорт залы, бокс, күрес, таэквондо, каратэмен айналысатын жекпе-жек залы, сондай-ақ жаттығу залдары бар екен. Тереңөзек кентіндегі бұл екінші спорт кешені. Оның бірі облыстық бюджеттен, ал екіншісі аудандық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен бой көтеріп, ел игілігіне ұсынылған.

Аймақ басшысы жұмыс сапары барысында жалпы құны 51,3 млн. теңге тұратын орталық стадионға жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстарымен та­ны­сып, спортшы жастармен ашық әңгімелесті.

– Спорт
– сұлулық, спорт – ден­саулық, спорт – замана тынысы. Сыр елі жастары – еліміздің
ертеңі. «Де­ні саудың – жаны сау” дегендей, сыр­дариялық спортшылардың
келешектері кемелдене береріне мен бек сенімдемін, – деп аудан тұрғындарын
бұқаралық спортпен шұғылдануға шақырды.

Сапар барысында ҚР Мемлекеттік
бағдарламалар бойынша аудан аума­ғындағы ұсынылған жобалармен ау­дан әкімі
Ғ.Қазантаев таныстырды. Нақ­тылай айтар болсақ, «Қолжетімді тұрғын үй-2020”
бағдарламасы негізін­де жалпы сметалық құны 377,2 млн. теңге тұратын 18 пәтерлі
7 үй, 24 пә­терлі 2 үй салу жобасы ұсынылып отыр. Сондай-ақ, 5 екі бөлмелі жә­не
5 үш бөлмелі үй салу жобасы да бар. Бағдарламалар бойынша тиіс­ті құжаттар
облыстық құрылыс басқар­масы арқылы тиісті министрлікке өткі­зіліп, жұмыстар
жүргізілуде екен. Ал, «Ақбұлақ” бағдарламасы бой­ынша сметалық құны 541,3 млн.
теңге тұратын жалпы ұзындығы 49,5 шақырым, ауылішілік желілері 26,8 шақырым,
тұтынушы тұрғын үй желілері 22 шақырымды құрайтын ау­ыз су желісін Аманкелді
мекеніне тарту жобаға енгізілуде. Сондай-ақ, Бесарық, Ақжарма, С.Сейфуллин ау­ылдарындағы
тұтынушы үйлерге ау­ыз су жеткізу, қайта жаңғырту жұ­мыстарын да жүргізу
жобаланып отыр.

«Жұмыспен
қамту-2020 жол кар­тасы” жобасы негізінде білім саласы бой­ынша алты, мәдениет
саласы бой­ынша бес, автокөлік жолдары бой­ынша 44, елді мекендерді абат­тан­дыруға
екі жоба ұсынылып отырса, «Тұр­ғын үй-коммуналдық және ауыл шаруашылығын
жаңғырту бағ­дар­ла­ма­лары” бойынша Тереңөзек кен­тіндегі 4 тұрғын үйді қайта
жаңғырту жобасы әзірленген. Сондай-ақ, «Жалын” ты­ны­ғу лагерін абаттандыруға,
жылу қа­зандығы мен жүйесін жүргізуге, ор­талық стадион алаңын қайта жаң­ғыртуға,
Сырдария ау­дан­дық әкімдігі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге облыс­тық
бюджеттен қаржы­ландыруға сұраныс та жасалған.

Жиында
аудандық білім бөлімінің басшысы Үміт Жұмабаева Ұлттық бірыңғай тестілеуге
дайындық жұмыс­та­рымен таныстырды. Аудан бойынша биылғы жылы 411 оқушы мектеп
бітір­мек болса, оның 298-і Ұлттық бірыңғай тестке қатысуға тілек білдіріп
отыр. Яғ­ни мектеп бітірушілердің 72,5 пайызы өз білімдерін сарапқа салмақ.
Олардың оны «Алтын белгі”, ал біреуі үздік ат­тестат алуға үміткер.

Аудан
бойынша биылғы жылы 6 мектеп, 2 балабақша және «Жалын” ты­нығу лагерін күрделі
жөндеуден өткізуге облыстық және аудандық бюджеттен 250 млн. теңге қаржы
қаралып, жөндеу жұмыстары басталмақ. Сондай-ақ, үш ауысымды оқытудан арылып,
3-5 жас­тағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту биылғы жылы 91,3
пайызға жеткізілмек.

Облыс
әкімі Қ.Көшербаев «Алтын белгі” үміткерлерімен ашық-жарқын әңгімелесіп, оларға
тілегін жеткізді.

Аймақ
басшысы жұмыс сапары соңында білім саласы қызметкерлері және де ардагер
ұстаздармен сұхбат­тасып, білім саласы жөніндегі ой-талғамдарын таразыға салды.


Өздеріңізге мәлім, Елбасымыз білім беру жүйесін жетілдіруге байла­нысты 7
тапсырма берген. Осыған байланысты Сыр аймағында игілікті іс­­терді қолға алып
жатырмыз. Нақ­тылай айтар болсам, білім саласын жандандыруға жергілікті
бюджеттен қыруар қаржы қарастырудамыз. Яғни, 25 апаттық мектепті қалыпқа
келтіреміз, келесі жылы апаттық мектеп болмайды деген болжам бар. Сондай-ақ,
таяу арада үш ауысымдық оқуға да шектеу жасалады. «Балапан” бағдарламасы
негізінде 2015 жылы сәбилер балабақ­шамен толықтай қамтамасыз етілмек. Демек,
ұстаздар қауымы оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына барынша жағдай
жасауы тиіс. Өйткені еліміздің болашағы – бүгінгі бүлдіршіндер. Айтқандай,
таяуда өткі­зіл­гелі отырған Ұлттық бірыңғай тестке дайындыққа баса мән беріп,
табыспен аяқтауға тиіспіз. Тұрмысы төмен жанұя балаларына әлеуметтік қолдау
бағытында 300 грант тағайындап қой­дық, – деген облыс әкімі білім беру саласы
жұмысын жандандыру күн тәртібінен түспейтін мәселе екендігіне баса назар
аударды.

Кездесу барысында аудандық арда­герлер
кеңесінің төрағасы Қ.Әбенов, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Ұ.Жаналиева,
аудандық білім саласы ар­дагерлері кеңесінің төрағасы Ж.Ер­манов сөз алып,
аудан аумағында ат­қарылып жатқан игілікті істерді тіл­ге тиек етіп, аймақ
басшысына өз риза­шылықтарын жеткізді.

 

Еркін
ӘБІЛ.

Сырдария
ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз