МАЛ АЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛДАР

127

0

өніміне отандық биологиялық
тыңайтқыштардың әсері қандай?

Елбасы Жолдауында ғылыми қам­тымды
экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арт­тыру екеніне маңыз
берілген. Осы орай­да агроөнеркәсіптік саласын­да инновациялық жобаларды ірік­теу
жөнінде 2014 жылға арналған кон­кур­сына «Қолданбалы микро­био­ло­гия» филиалы
облыс шаруашы­лық­­тарында отандық биологиялық ты­­ңайтқыштарды кеңінен ендіру
мақ­­сатында жобаларын ұсынып, жұ­мыс­тар жүргізіп жатыр.

Оған «Фитобацирин», «Ризовит
АКС» секілді отандық биологиялық тыңайтқыштар ұсынылып отыр. Мал азығы қорын
қалыптастыруда түйежоңышқа мен жоңышқа дақыл­дарының маңызы өте зор. Дегенмен,
назар аударатын мәселенің бірі түйе­жоңышқа
мен жоңышқа өнім­ділігі. Бұл кемшілік негізінен дәннің өніп-өсуіне кедергі
келтіретін сырт­қы қабығының қатты болуына бай­ла­нысты тұқымдық дәннің шығым­ды­лығының
нашарлығында болып отыр. Түйежоңышқа мен жоңышқа егіл­ген алқаптың көп жағдайда
се­біл­ген дәннің 50-60 пайызы өн­бей қалады. Осы орайда филиал ғы­лы­ми қызметкерлері облыста «Жо­ңышқа
және түйежоңышқа да­қыл­да­рының өнімділігін «Фито­ба­цирин» және «Ризовит-АКС»
био­­ло­гиялық тыңайтқыштар көме­гі­мен арттыру» жобасы арқылы жо­­ңышқа және
түйежоңышқа да­қыл­дарының өнімділігін отандық био­ты­ңайтқыштар көмегімен
жақсарту жұмыстарын жүргізуде.

Өндірісте
тұқымның шығым­дылығын арттыру үшін механикалық скарификация жасайды. Алайда,
бұл әдіс түйежоңышқа және жоңышқа дақылдарының тұқымына едәуір зи­ян келтіреді.
Сонымен қатар, бұл әдіс, қосымша электр қуаты мен ма­те­риалдық шығындарды
талап ете­ді. Сондықтан қымбатқа түседі. Осы­ған орай тұқымдық дәннің өніп
шығуын биологиялық жолмен ал­мастыра алатын «Фитобацирин» био­­тыңайтқышы
механикалық ска­ри­­фикациялау әдісін толығымен ал­мастырады. «Фитобацирин» био­ты­ңайтқышымен
өңдеу дәннің өнуіне кедергі келтіретін сыртқы қатты қабығындағы целлюлозаның
ыдырауына әсер етеді. Тұқымды био­тыңайтқышпен себер алдында өң­дегенде,
өнгіштік үрдісін алмасты­ра­тын целлюлозалық тығыз қаба­ты­ның жарылып тұқымның
тез өнуі­не мүмкіндік береді. Тұқым эн­до­­спермасына судың, еріген мине­ралды
және қоректік заттардың жылжуы күшейеді. «Фитобацирин» биотыңайтқышымен дәнді
өңдеп болғаннан соң, түйежоңышқа мен жоңышқа дақылдары дәндерінің шы­ғымдылығымен
қатар олардан алы­натын өнімдерін арттыру және азотқа деген қажеттілігін өтеу
мақ­сатында «Ризовит-АКС» био­ты­ңайт­қышымен өңдеу қажет. Яғни, бұл
биотыңайтқыш аталған өсім­дік­­тердің азотқа деген қажетті­лігін арт­­тырып
қана қоймайды, со­ны­мен қатар келесі егілетін ауыл­ша­руа­­шылық дақылдарының
азотқа де­ген қажеттілігін де толығымен қана­ғаттандырады.

Осы жобаны іске
асыру мақса­тында облыстың алты ауданында жүр­­гізілген жұмыстар жоғары нәти­же
көрсетті. Атап айтар болсақ, да­қылдардың өнгіштігі бойынша нәти­желері
Қармақшы ауданындағы «Достық жер» ЖШС, Жаңақорған ауданына қарасты «Қожахан
Ата» ШҚ, «Еркінқожа» ШҚ, Шиелі ауданы бойынша биотыңайтқыш қолданған
«Мақсат» ШҚ, «Алтын дән Шиелі» ШҚ құрылымдарында оң нәтижесін көрсетті.
Сондай-ақ, мұндай жұмыс­тар Сырдария ауданы «Мағжан и К» ЖШС, Жалағаш
ауданындағы «Таң LTD» ЖШС, Қазалы ауданы «РЗА-Агро» ЖШС құрылымдарында
атқарылды.

Ауыл
шаруашылығын өз дәре­жесінде дамытуға назар аударатын бол­сақ, тек қана
минералдық ты­ңайтқыштармен әртүрлі қоспалар ар­қылы жоғары өнім алумен ғана
шек­телгеніміз дұрыс емес. Әр өңір­дің табиғи және экологиялық ерек­шеліктеріне
байланысты топырақтың табиғи құнарын барынша сақтауға мүмкіндік жасайтын
мемлекеттік тұр­ғыда маңызы бар жоба жасау және Ел­басы жолдауына сәйкес ғылыми
әзір­лемелерді коммерцияландыру қажет.

 

Ерік ШОРАБАЕВ,

БжҒМ ҒК
«Микробиология және вирусология институты» РМК, «Қолданбалы
микробиология» филиалының директоры,

ҚР Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз