МАЗМҰНДЫ КӨРМЕ

93

0

А.Пушкин атындағы орталық кітапханада «1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне» орай «Елбасымен нұрлы болашаққа» атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.
Көрменің мақсаты – Елбасының өмірі мен шығармашылығын, рухани өсу жолдарын, ел басқарудағы көрегендік қабілетін кеңінен таныстыру арқылы өнегелі өмірін жастарға үлгі қылу, өскелең ұрпақтың бойына еңбекқорлық, адамгершілік, имандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
Кітап көрмемен танысу барысында жастар Елбасының төл туындылары мен Президент туралы жазылған құнды дүниелер – «Президенттік билік: Жемісті 20 жыл», Махмут Қасымбековтің «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» очерктер жинағымен танысты. Сондай-ақ Елбасының халықаралық форумдарда, конференцияларда, әлем елдерінің көшбасшыларымен болған түрлі кездесулерде түскен фотосуреттері, отбасылық суреттері көрсетілді. Шара қонағы «Болашақ» университеті Тарих пәнінің оқытушысы Жәнібек Қонысов Мемлекет басшысы жайлы тың ақпараттармен толықтырды. Елбасының өмір тарихы мен қызмет жолын тануға бағытталған көрме әлі екі аптаға жалғасады.
М.ЖАСҰЛАНҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз