МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТТІ

61

0

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы
мен №2 балаларды оңалту орталығына RIXOS BOROVOЕ және «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық
қоры медициналық жабдық табыстады. Шараға
облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, қайырымдылық
қорының директоры Марат Айтмағамбетов қатысты.

 

Облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы бұл ерекше бастама
екенін атап өтті.

– Жерлесіміз, қоғам қайраткері Болат Өтемұратовтың бастамасымен
құрылған «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қоры облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы
мен №2 балаларды оңалту орталығына жалпы құны 54 млн теңге болатын қаржыға медициналық
жабдық пен ойын кешенін сыйға тартты. Бұл біздің медицина, соның ішінде жалпы әлеуметтік
салаға көрсетіліп отырған үлкен қолдау. Қайырымдылық қоры республика көлемінде
де белсенді. Қор қайырымдылық шаралары менакциялардан қалыс қалған емес. Сыр өңіріне де ерекше жанашырлық танытып
келе жатқан қор бастамасымен облыстық
перинатальды орталыққа жалпы құны 30 млн теңге тұратын арнайы медициналық
құрал-жабдық алынған болатын. Міне, бүгін сол бастама өз жалғасын тауып
отыр. Осы орайда «Rixos Borovoe» қонақ
үйі мен «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қорына алғыс білдіреміз,-деді Рауан
Кенжеханұлы.

Жалпы, медициналық жабдықтар өткен жылы өткізілген үшінші
«Rixos Borovoe-2015» қайырымдылық велошеруі кезінде жиналған қаржыға сатып
алынған. «Rixos Borovoe» қонақ үйі мен «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қоры
ұйымдастырған бастаманы қолдау білдіретіндердің саны артып отыр. Олимпиада чемпионы
Александр Винокуров бастаған велошеруге отандық және шетелдік ірі
компаниялардың 300-ге жуық топ менеджері мен мемлекеттік мекемелер өкілдері
қатысқан еді. Велошеру қатысушылары мен «Верный Капитал», «Қазцинк», Beeline
Kazakhstan, Altyntau Resources, Astana Property Management, Global Development
компаниялары, Kassa Nova, Forte Bank банктері және Қазақстанның Теннис
Федерациясы жарна төлеу арқылы науқанға қолдау көрсеткен. Тағы бір айта
кетерлігі, велошеру аясында қайырымдылық аукционы өткізіліп, «Олимпиада
чемпионы Александр Винокуров атындағы
Спортты қолдау және дамыту» қоғамдық қоры, «Тур де Франс 2014» жеңімпазы
Винченцо Нибали, сондай-ақ, белгілі қазақстандық теннисшілер арнайы лоттар
ұсынды. Аукцион қорытындысы бойынша 94 млн теңге жиналған. Бұл жөнінде қор
директоры Марат Айтмағамбетов айтып берді. Шара аясында облыстық №2 мүгедек
балаларға арналған оңалту орталығына құрғату жүйесін жөндеу, арнайы жабдық және
ойын алаңы тарту етілсе, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына құны 27 млн
теңгені құрайтын 1 ИВЛ аппараты, 10 контролер, 9 мөлшерлегіш шприц, 5
электросорғыш және 1 коагулометр табыс етілді.

Қайырымдылық шарасына разылықтарын білдірген маманның бірі
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасыныңжансақтау бөлімінің меңгерушісі Болат Асанбаев: «Асыл Мирас»
қайырымдылық қоры соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтарды алып берді.
Соның ішінде жасанды дем беру аппараты. Бұл аппараттың ауыр жағдайда түскен
науқастарда тыныс жетіспеушілігі пайда болғанда көмегі өте мол. Сонымен қатар
дәрілік заттарды мөлшерлеп уақытылы құюға арналған аппараттар және
лабораторияға арналған соңғы үлгідегі коагулометр, электросорғыштар ауыр
жағдайда түскен ауруларға жедел көмек жасауға үлкен көмегін тигізеді.
Науқастардың тез сауығып кетуіне ықпал етеді. Сондықтан біздің ұжым «Асыл
Мирас» қайырымдылық қорына ризашылықтарын білдіреді,-деді.

Шара соңында балаларды оңалту орталығының басшысы Перизат
Жұматова мен жұқпалы аурулар ауруханасының басшысы Айна Мұхамбетова қоғам
қайраткері Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас»қайырым­дылық қорына алғыстарын білдірді.

 

Сара
АДАЙБАЕВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз