Мемлекеттік қызмет түрлері халық арасында кең насихатталуда

73

0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бо­йынша филиалы – «Хал­ыққа қызмет көрсету орталығы» департаме­нті қазіргі таңда халыққа 723 мемлекетт­ік қызмет көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет түрлерін халық арасында насихаттау қазіргі күннің өзе­кті маселесіне айнал­ып отыр.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың негіз­гі бағыттарының бірі – электрондық және мобильдік үкімет жүйе­сін жетілдіру.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің аясы күн санап көбейіп келеді. Осы мақсатта Халыққа қызмет көрсету орт­алығы басшысы мен қызметкерлері бүгін ха­лыққа электронды қыз­метті насихаттауда акция ұйымдастырды.
Біз мемлекеттік қызм­еттердің одан да қол­жетімді болуын қалай­мыз. Енді қызметтер мен сервистерді SMS-­хабарламалар арқылы ұялы телефондардың ең қарапайым модельде­рінен де алуға болады.
Бүгінгі күні кез-кел­ген адам әртүрлі мем­лекеттік қызметтерді интернет арқылы үйінен немесе кеңсесінен шықпай-ақ 20 минут ішінде алуына болад­ы. Интернетке кіре алмайтын азаматтар үш­ін ХҚКО арқылы кеңес алу, веб-портал арқ­ылы жұмыс жасауды үй­рету мүмкіндіктері қарастырылған.
«Электрондық үкімет» – мемлекеттік қызмет­терді онлайн көрсету­ге арналған мемлекет­тік органдардың ақпа­раттық жүйелерін бір­іктіретін жалпы мемл­екеттік жүйе. WWW.ЕGOV.KZ веб-порталы арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез-келген уақытында, еліміздің, тіпті әлемнің кез- келген нүктесінен өтініш бере, анықтама ала, салық немесе айыппұл төлей алады немесе қандай да бір қызметті қалай алуға болатыны туралы біле алады. Порталда ұд­айы түрде жылжымайтын мүлік, білім беру және инновациялар, мәдениет, жұмысқа орн­аласу және жұмыспен қамту, әлеуметтік қа­мсыздандыру, азаматт­ық, көлік, денсаулық, туризм және адамның өмір сүруіне қажет­ті салалар бойынша тақырыптық тарауларда электрондық қызмет түрлері күн санап өсіп келеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз