Мемқызмет көрсету электрондық форматқа көшіру басты назарда

111

0

Мемқызмет көрсету электрондық форматқа көшіру басты назардаҚазақстанда мемлекеттік басқаруды қалыптастыру процесінің басты бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру және дамыту болып келеді.
ҚР Президенті өзінің «Қазақстаннның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында: «Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек» екендігіне ерекше назар аударған.
Осыған орай, барлық мемлекеттік органдар көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрін электронды форматқа көшіру үшін тиіс жұмыстарды атқару қажет екендігін атап өту керек.
Азаматтардың мемлекеттік қызмет алу бойынша құқықтарын кепілдендіру үшін мемлекет өз тарапынан мемлекеттік органдар үшін өз құзырына кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша стандарт пен регламент қабылдау және қызмет көрсету кезінде стандарттың талаптарын басшылыққа алу қажеттілігін белгілейді.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет – көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi.
2013 жылғы 15 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы және 2013 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 983 қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі бекітілген. Тізілімге сәйкес 374 қызмет мемлекеттік органдармен (бағынысты ұйымдармен) көрсетіледі. Оның ішінде: жергілікті атқарушы органдармен 176, орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелерімен 181, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдармен 14, мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғамымен 3 қызмет түрлері көрсетіледі.
Облыстың орталық және жергілікті атқарушы органдарымен 2017 жылдың 1-тоқсанында барлығы 978 912 қызмет көрсетілген. Оның ішінде, мемлекеттік корпорация арқылы 205 364 (21%), электронды түрде 231 388 (24%), мемлекеттік органмен 542 160 (55%).
Облыстағы 27 аумақтық мемлекеттік органдарымен есепті мерзімде барлығы 198 қызмет түрлері бойынша 358 527 қызметтер көрсетілген. Оның ішінде, мемлекеттік корпорация арқылы 164 829 (46%), электронды түрде 148 170 (41%), мемлекеттік органмен 45 528 (13%). 25 жергілікті атқарушы органдарымен есептік мерзімде барлығы 176 қызмет түрлері бойынша 620 385 қызмет көрсетілген болса, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы 40 535 (7%), электронды түрде 83 218 (13%), мемлекеттік органның өзімен 496 632 (80%).
Статистикалық мәліметтерге қарағанда электронды түрде көрсетілген қызметтердің үлесі былтырғы жылдағы есептілік мерзіммен салыстырғанда 8% көбейгенін көрсетеді.
Департаментпен орталық және жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша сыртқы мониторингі жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша 3 мемлекеттік органға ұсыныс берілді.
Сонымен қатар, департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өткізілетін ведомствоаралық жұмысшы тобының отырыстарында қаралған бірнеше мәселелер бойынша, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар берілуде.

Алия ИСКАКОВА,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
 жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің
Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз