«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін»

1734

0

Есірткі – (грек тілінен аударылғанда ναρκωτικός – естен айырылу) қазір заманның ең ауқымды мәселесі. Кез-келген елде есірткі ауқымды мәселе болып саналады. Есірткі жас аралығына қарамайды. Бірақ есірткіге көбінесе оқушылар құмар болады. Өйткені оқушылар еліктеуіш болып келеді. Олар көп нәрсе қызығып есірткіні бір рет қабылдасам ештеңе етпейді деп ойлайды. Бірақ есірткіні рет қабылдасан есіңнен айырыласын. Ал естен айырылу сені көп деген проблемаға әкеліп соғуы мүмкін, Мысалы; суицид, адам өлтіру, зорлық-зомбылық және де т.б.

 Есірткінің мақсаты – адамды естен айыру. Оларды топқа бөлу, топқа бөлінген адамдар әр түрлі қылмыстық істерді жасайтын болады. Адамдарды жануарлардан төмен санайтын хәлге жеткізетін болады. Осылайша ешқандай мемлекетте мәдениет құндылықтары жоқ болып кетеді. 

Есірткіні қабылдайтын адамда тәуелділік екіге бөлінеді: жүйкелік және физикалық болып. Есірткіні алғаш қолдану кезінде нашақорда тек жүйкелік тәуелділік пайда болады. Кейіннен ол физикалыққа ауысады.

 Есірткі көбінесе АҚШ-та кең таралған. Ал Қазақстанда есірткі мен ұсталған адам саны 60-мыңға жуық. Қазір уақытта Қазақстан Республикасында есірткімен айналысуға қатаң түрде тыйым салған. Қазіргі уақытта есітркі тасымалдауға тыйым салсада, кейбір есірткі сатушылар тығып адамдарға сатуда. Ал есірткі нарығы күннен күнге өсіп барады.

Есірткі түрлері: токсикомания, марихуанна, героин, кокаин, экстази және де тағы басқалары.

Сіз нашақорлықтан алыс жүруіз керек. Өйткені, сіз ата-анаңызды еңбек пен тапқан ақшасын, осындай өміріңізге зиян тигізетін затқа құртатын болсаңыз. Болашақта ата-анаңыздың үмітін қалай ақтайсыз?

Сіз болашақта бір үлкен маман иесі болып, ата-анаңыздың үмітін ақтап отбасылы болғыңыз келмей ма? 

Есірткі сізге ешқандай пайда әкелмейді. Сіз есірткі қолданатын болсаңыз болашағыңызды, өміріңізді құртатын боласыз! Сізде ештеңе қалмайтын болады ата-анаңыздың қолдауы, болашақтағы арманыңыз барлығы бір зиянды нәрсенің кесірінен жоқ болып кететін болады. Сол үшін сіз есірткіден алыс жүруіңіз керек.

Өмірде көптеген нәрселер бар соларға қызығыңыз, бірақ есірткіге құмар болмаңыз!

Сағыныш СҰЛТАМҰРАТОВА,

№ 2 Абай мектебінің 8 cынып оқушысы,

Қызылода қаласы

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға 
 #есірткігеқарсы
 #противнаркотиков
 @upndpkzo парақшасына тіркелу 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<