МЕН ТАБИҒАТТЫ СҮЙЕМІН

65

0

МЕН ТАБИҒАТТЫ СҮЙЕМІНОблыстық «Табиғат тынысы ” экологиялық басылымы соңғы 5 жылдан бері аймағымыздағы мектеп оқушылары арасында осындай тақырыпта бәйге ұйымдастырып келеді.  Редакция қоржынына биыл облыстағы мектеп оқушыларынан 91 шығарма түсті. Осы танымдық мақалалардың 10-ы келесі кезеңге өтіп, жуырда бәйге жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Бүгінде қаламыздағы «Ибрайхан және К ЛТД” ЖШС білмейтін жан кемде-кем. Өйткені, аталған компания бірнеше жылдан бері туған шаһарымыздың көрікті қала атануына ерекше үлес қосып келеді. Көше тазалығы мен туған шақарды абаттандыру ісімен айналысатын серіктестіктің  2005 жылдан бері тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта кәдеге асыру жұмыстарын жүргізіп келе жатқан бірден бір компания екендігін де хабардармыз. 
 «Табиғат тынысы” атты экологиялық және әлеуметтік басылымды  осы серіктестік басшылығы 2009 жылдан бері шығарып келеді. Сонымен бірге  компания  осы бағытта екі жобаны жүзеге асыруда. Оның бірі – облыстық «Қазақстан – Қызылорда” арнасынан «Табиғат дауысы” атты хабар болса, екіншісі – жергілікті «Қызылода қоғамдық телеарнасының”  «Жасыл өлке” атты телехабары. 
Сонымен қатар, компания басшысы Ыбырайхан Мұсабаевтың бастамасымен облысымыздағы мектеп оқушылары арасында соңғы 5 жылдан бері «Мен табиғатты сүйемін” атты танымдық мақалалар сайысы және жас суретшілер арасында осы тақырыпта бейнелеу өнерінен байқау ұйымдастырып келеді.  «Мұндағы мақсат – балалардың туған өлке табиғатына деген жанашырлығын оятып, оларды жасынан отансүйгіштік қасиетке баулу”, – дейді серіктестіктің бас директоры Ы. Мұсабаев.
Аталған компанияның кеңсесінде шығармашылық сайыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Алдымен қазылар  алқасының шешімімен «Мен табиғатты сүйемін!” тақырыбы бойынша ұйымдастырылған танымдық мақалалар сайысының екінші кезеңіне жолдама алған оқушылар 20 минуттың ішінде берілген тақырып бойынша шығарма жазып шықты. Нәтижесінде Қазалы ауданынан келген Асылай Жайылханованың мақаласы  бас жүлдені жеңіп алса, бірінші орын Жаңақорған ауданындағы №162 мектептің оқушысы Рәтбек Ақбайға бұйырды. Жаңақорғандық Нұртілеу Асылтұрсын мен Қызылорда қаласындағы №235 мектептің оқушысы Үміт Нұрлан екінші орынды иеленді. Ал,  келесі жүлделі орынға облыс орталығындағы №122 және №143 мектептің оқушылары Үміт Сұлтан мен Жансая Қауынбай жазған шығармалар лайық деп табылды. Мұнан өзге ынталандыру сыйлығы тағы 4 оқушыға берілді. Жүлдегерлер компания атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз