«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ» МҰРАТЫ

119

0

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ» МҰРАТЫ«Мәңгілік
Қазақстан» жобасы ел тарихындағы жаңа дәуірдің келісті келбетін айқындап берді.
Елбасы Жолдау­ды жария­­лай отырып, қандай да болмасын өзінің болашағын, даму
мақсатын ең жоғары деңгейге көтеруді жоспарлайтын елдердің, оның азаматтарының
сол мақсат үшін ауқымды ұзақмерзімді стратегиялық бағдарламаларды жасақтап,
экономикалық өсуді қамтамасыз етумен айналысатынын атап көрсетті.

«Мәңгілік
Қазақстан» жобасы – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз
сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен сынақ, оны мүлтіксіз орындап, сүрінбей
өту – ортақ парыз, абыройлы міндет» деп ашып көрсетті. ХХІ ғасыр ешбір ел, оның
ішінде біздің еліміз үшін де даму жолында жеңіл саяхат болмасы баршаға мәлім.
Ел дамуының негізгі өзегі экономикалық дамумен сабақтас. Оған мысал, қазіргі
жаһандық дамудың үлгі-көрінісі болып отырған, құрамына 34 ел кіретін
Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы дүниежүзілік жалпы ішкі өнімнің 60
пайызынан астамын өндіріп отыр. Сондықтан да көптеген елдер жоғарыдағы елдердің
санатына кіруге аса мүдделі. Олар – Бразилия, Қытай, Индия, Индонезия, Ресей,
ОАР. Мінекей, біздің Елбасымыздың да алдағы қойып отырған ауқымды міндеті мен
ұзақмерзімді мақсаты сол елдердің қатарынан көрініп, халқының өмір сүру сапасын
барынша жоғары көтеру болып табылады.

Ел алдында
күрделі де, ауқымды міндеттер тұр. Ел экономикасына құйылатын инвестиция
мөлшерін жыл сайын жалпы ішкі өнім көлемінен қазіргі 18 пайыздан 30 пайызға
көтеріп және жаңашыл ғылыми әдістемелерді кеңінен енгізе отырып сыртқа
шығарылатын шикізаттық емес өнімдер көлемін 70 пайызға жеткізуді қамтамасыз ету
керек.

Ең бастысы,
Қазақстан болашағын – барша халқымыздың, оның ішінде қазіргі жас ұрпақтың,
жарқын болашағын құрып, қамтамасыз ету болып табылады. Болашақ жастардыкі – оны
құратын әрі дамытатын, сол дамыған елдің жемісін көретін де жастар. Ол үшін
басты талап елімізде белсенді де білімді, денсаулықтары мықты жас ұрпақ
тәрбиелеп өсіру аға буынның асқақ міндеті болмақ.

Қазір барлық
дамыған елдерде жоғары сапалы білім беру жүйесі қалыптасқан. Сондықтан да бізге
ең бірінші кезекте ұлттық білім беру жүйесін жақсарту, жаңарту қажет. Ол үшін,
2020 жылға дейін 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды түгелдей мектепке дейінгі
білім беру жүйесімен қамтамасыз ету бірінші кезектегі талап болады.

Жалпы орта
білім беру аясын жаңадан ашылып жатқан Назарбаев интеллектуалды мектептер
деңгейіне жеткізу, оларды бітіріп шығушыларды қазақша, орысша, ағылшын
тілдерінде еркін сөйлеуге үйрету керек.
Бұл мамандардың, ел келешегіне үмітпен қарайтын интеллигенция
өкілдерінің пікірі.

Сондай-ақ,
алдымыздағы үш жыл ішінде елдегі оқу орындарының жетіспеушілігін жоя отырып,
барлық мектептерде 2 ауысымды білім беру жүйесіне көшіру жұмысы толық орындалуы
кажет. Осымен қатар алдағы, жақын мерзімдерде еліміздің жастарына мемлекеттік
тапсырыс бойынша техникалық білім беруді қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы
жоғарыдағы аталған мәселелерді жүзеге асыру шараларын жасап дайындау Қазақстан
Үкіметіне жүктелді. Осыған сәйкес аймақтарда да тиісті жұмыстар атқарылатын
болады.

Сондай ақ,
Жолдау барысында Президент Үкіметке елдегі азаматтық қызметшілерге еңбекақы
төлеудің жаңа моделін жасап, енгізуді тапсырды. «Ол тапсырыс 2015 жылдың 1
шілдесінен: денсаулық сақтау қызметкерлеріне 28 пайызға, білім беру
қызметкерлеріне 29 пайызға, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлеріне 40 пайызға
дейін артуын қамтамасыз ету», – деді Мемлекет басшысы. Осындай елеулі
әлеуметтік шаралардың жоғарыда аталған салалар қызметкерлерінің ыстық
ықыласына, ризашылық сезіміне бөленгені баршаға аян шара болды және олардың өз
істеріне деген жауапкершілігін ұлғайтады.

Экономика
қашанда елдің тірегі, оның дамуының басты критерийін айқындайды. Экономика
дамуы еліміздің дамуының болашақ кілті. Елбасы әрдайым осы мәселеге айрықша мән
береді. Мәңгілік ел идеясында біздің барлық дамуымыздың негізгі қағидаттары осы
экономиканың бүгінгі, ертеңгі ахуалымен сабақтасып жатыр.

Бүгінгі
ұрпақ, келер ұрпақ оның құндылығын қадірлей білуге міндетті. Осындай
құндылықтар туралы жуырда «Нұр Отан” партиясы саяси бюро кеңесінің мүшесі, ҚР
Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов өзінің «Егемен Қазақстан”
газетінде «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі” деген мақаласында жан-жақты баяндап
берді. Ол рухани сана, білім, діни сенім ел тәуелсіздігінің беломыртқасы
іспетті екенін атап көрсете отырып, осы өлшемдер сапалы болған кезде біздің
қоғам қандай да ішкі, сыртқы бізге қарсы әрекеттерге дайын тұра алатынын айтты.
Осы арқылы ғана біз тәуелсіздігіміздің өлшеусіз құнын, құндылығын сезініп,
түсіне аламыз. Сөз жоқ, қандай да елдің, мемлекеттің, қоғамның өз ішіндегі
өзара түсіністігі, тұрмыс әлеуеті ауқатты, болашағына сенім болмайынша
мемлекеттің келбеті келісе қоймайтыны анық.

Мемлекеттің
құрылымдарын нығайту үшін Елбасы ширек ғасырға жуық ішінде ауқымды жұмыстар
атқарды. Елбасының Ұлытаудағы халықпен ой бөлісуі мемлекеттік тарихымызды жаңа
тұрғыдан айқындап берді. Бізге қазір әр қазақтың ұлттық, отаншылдық санасын
қалыптастыру барынша маңызды болып табылады. Ал, бұл тұрғыда Мемлекет басшысы
тарапынан барлық жағдайлар жасалуда. Көптеген салаларға, әсіресе, руханият
бағытына мемлекет көптеп қаржы бөлуде. Мемлекет басшысының бастамасымен іске
асып жатқан «Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының орасан үлкен рөлін атап
өткеніміз жөн. Бұл біздің қазақ мемлекеттігіміз үшін маңызды мәселе болып
табылады.

Қандай да
болмасын ауқымды да келелі жалпы халықтық істерді орындауда елді ұлы
мақсаттарға жетелейтін патриоттық, ұлттық идея керек екені күмәнсіз. «Ол идея –
Мәңгілік Ел идеясы» деп көрсетті Елбасымыз. Соның арқасында халқымыз мәңгілік
мұраттарына қол жеткізді. «Еліміз тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік
Елордамызды қысқа мерзімде тұрғызды. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры – Ұрпақтың
Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналды. Ендігі Ұрпақ Мәңгілік Қазақтың
Перзенті. Қазақ Елінің Ұлттық идеясы Мәңгілік Ел».

Бұл
идеялардың баянды болашағы бар Қазақстан мемлекетінің өсіп-өркендеуі жолында
баянды болатынына сеніміміз мол.

Ж.ӘЛМАХАНҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз