МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУГЕ ЕЛ ЫҚЫЛАСЫ ЖОҒАРЫ

48

0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамының біреуі «Мүлікті және қаржыны заңдастыру ресімдерін оңайлату, яғни қолданыстағы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу” болып табылады. Осы бағытта атқарылған жұмыстар жөнінде облыстық коммуникациялар орталығында облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев БАҚ өкілдеріне өңірде мүлікті жария ету жұмысының барысы жайлы баяндады.

– Өткен жылдың қыркүйек айынан басталып, биылғы жылдың соңына дейін жалғасатын мүлікті жария ету жұмысы облыстың барлық аудандары мен Қызылорда қаласында қарқынды жүргізілуде, – деді басқарма басшысы. – Өткен он ай қорытындысымен аймақта мүлікті жария етуге 518 өтініш келіп түскен. Оның ішінде коммерциялық нысан – 330, тұрғын үй 204 болған, түскен өтініштер бойынша мүліктердің жалпы бағасы 7,2 млрд теңгені құрады. 440 өтініш бойыншажалпы бағасы 5,0 млрд теңге болатын 562 жылжымайтын мүлік жария етілген. Мүлікті жария ету комиссиялары жалпы сомасы 163,9 млн теңгенің28 өтінішін кері қайтарды.

Аймақтық қаржы басқармасы басшысының мәлімдеуінше, жария етуге берілген өтініштердегі мүліктердің негізгі үлесі тұрғын үй емес қорының нысандары болып табылады. Бұл кәсіпкер азаматтардың меншіктік құқықтарын заңдастыруға деген белсенділіктерін айғақтайды. Демек, мүлікті, қаржыны жария етуді іске асыру барысын қолайлы әрі оңтайландыру мақсатында «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстанда тұруға ықтиярлы адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы” ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң жобасынқабылдауға қажеттілік туындау­да. Көп талқысына ұсынылған Заң жобасы оны тұтынушыға өзіндік тиімділігін қоса ұсынуда. Мәселен, бұрын салық төлемеген кәсіпкерлік нысаннан алынған табысты жария ету, жария етілген қаржыларды екінші деңгейлі банктердегі арнайы жинақтау шоттарында орналастыру мерзімін 3 жылға дейін қысқарту және оларды инвестиция жасау құралына айналдыру, сонымен қатар республикадан тысқары жерлерде орналасқан мүліктерді, құнды қағаздарды жария етуді хабарлау сипатында аудару, оларды сатқан кезде екіжақты салық салуды болдырмау секілді ынталандыру шаралары қарастырылады. 1 шілдеге дейін басқарма арқылы шетелдегі мүлікті заңдастыруға берілген 17 өтініш өз шешімін тапса, 75 жеке адам екінші деңгейлі банктерден өз шоттарын ашқан. Мұның өзі өңірдегі мүлікті және қаржыны заңдастырудың жолға қойылып келе жатқанын айғақтайды.

Басқарма басшысы қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, сала жұмысына талдау жасады.

 

Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз