ӨМІРДІҢ БІР ҒАЖАБЫ

65

0

ӨМІРДІҢ БІР ҒАЖАБЫЖаратушы Алла әйел пешенесіне соншама бейнетті үйіп бергенімен соның қайтарымындай, оны мейірім шуағына шомылдырып, еміреніп бала сүю, ана болу бақытын маңдайына жазыпты. Әр ана өз қанынан, жанынан жаралған кіп-кішкентай тіршілік иесін бауырына басып, оның ғажап иісін емірене иіскесе, бүлдіршінінің бал қылығын тамашаласа өзінің барлық өкпе-ренішін, шаршағанын ұмытып, ғажайып бір күй кешері анық.

Тас омырауын жібітіп, ал­пыс екі тамырын иіткен ба­ласының уілдегені, ойнағаны, күлгені, тәй-тәй басқаны, тілі шыққаны, мектепке барғаны – бәрі-бәрі де ана үшін қай­таланбас бір бақыт.

Атам қазақ «Жүкті әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көр­де” деп тегін айтпаса керек. Өмір­ге дені сау, қол-аяғы бү­­­тін бала әкелу, әрине, оңай емес. Сондықтан да бо­лашақ анаға жасалған әр­бір қамқорлық оның құр­са­­ғындағы баланың өсіп-же­ті­­луіне әсер етері даусыз. Әри­­не, қазақ отбасындағы ая­ғы ауыр әйелдің барлығы дер­лік, ата-енесінің, күйеуі мен жақындарының айрықша ықы­ласына бөленеді деп айту қиы­нырақ. Дегенмен, болашақ ананың аңсары ауған тағамын тойып жеуіне, құнарлы азық-түлікпен тамақтануына мүм­кіндік жасалғаны аб­зал. Жүктіліктің тоғыз ай мер­зімінде кей әйелдің ашушаң, беймаза болып кетуі, істеген ісі­нің оябын таба алмауы, ұй­қышыл болуы да әбден мүм­кін. Осы орайда оған күй­еуі мен ет жақындарының қол­дауы, көңіл аударуы әбден қа­жет. Өзінің қолдаушысы, жақ­таушысы барын сезінген әй­ел өмірге құлшынады. Әри­не, өмір болған соң шалыс ба­сушылардың, алданып қалу­шылардың кездесері анық. Оң жақта отырып, балалы болып, ағайын-туысқа жеккөрінішті, ата-анасына масыл болып жүр­гендер де баршылық. Алайда, некесіз бала туып, кем­сітушілік пен қиындық көр­се де оның болашағы үшін жанын салып жүрген аналар­дың бары тағы рас. Туған ба­ласын қоқыс жәшігіне, әл­де­кімнің босағасына тастап кеткендердің қасында бұлар­дың іс-әрекеті ерлікке пара-пар демеске лаж жоқ.

Бүгінгі ана мен бала, бірі – отбасының ұйытқысы, екіншісі – өмір гүлі саналған­мен де олардың кейбірінің көр­­ген күні адам аяғандай. «Ақаңды» атасынан қалған асын­дай көретін кей отағасы бар ашу-ызасын үйдегі әйе­лі мен баласынан алады. Жұ­мыс істеп, нәпаха тауып, от­ба­сын асырап жатса ол да ке­шірімді болар еді. Алайда, көпшілігінің әйелін ішімдікке ақша тауып бермегені үшін таяққа жығатынын қайтерсің?! Анасына араша түскен ұл-мен қыз да әкесінің құшағын емес, жұдырығын иіскейді. Ол үшін алтын асықтай болып ержетіп келе жатқан ұрпағының бола­шағы, отбасының бақыты мен шаттығы бөтелкенің ар жағында қалған. Өзінің қау­қары кетіп, қартайғандағы кү­нінің не боларын ойлағысы да келмейді. Әттең, оның өмір­лік жарының өзінің сәні, Алла берген балаларының ба­ғы екенін бағамдамайтыны қын­­жылтады. Адамды өмірдің өзгертетіні анық болса, оның да күндердің күнінде жақсы жағына қарай өзгеруі әбден мүмкін. Алайда, ол тым кеш болып, ана мен баланың оны мойындамауы, оған лайықты құрмет көрсетпеуі де мүмкін ғой. Олай болса, бір-ақ рет бе­рілетін өлшеулі өмірді өкі­нішсіз, сыйластықпен өткіз­ген­ге не жетсін?!

Біздің елімізде ана мен бала мемлекет қамқорлығында, олар­дың құқығы заң аясында қор­ғалады. Солай бола тұрға­ны­мен де ерлі-зайыпты жан­дар­дың заң талаптарына жү­гін­генінен отбасы татулығы мен берекесін, өзара сыйлас­тығын сақтағаны абзал. Та­ту шаңырақтың балалары ба­қытты,
шаттығы баянды болар еді.

Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз