ҒҰМЫРЛЫ ЕҢБЕК

73

0

Нарықтық заманның ың­ғайына
тез бейімделіп, өз ісін өрістетіп кеткен жігітердің бірі – Қайрат Назаров.
Жан-жақтылық қабілетінің арқа­сында ағаш ұсталығын мең­ге­ріп, жұрттың түрлі
тап­сырыстарын орындап жүр­гендігіне оншақты жылдың жүзі болды. Оның қазір өз
шеберханасы, қажетті құрал-саймандары, жанына жа­лау болып, ойындағысын іске
асы­ратын көмекшілері де бар.

– Меңгерген маманды­ғым –
көркемдеуші-сурет­ші. 1986 жылы Алматы көр­­кем­­сурет училищесін бі­­тір­­ген­­мін.
Шиеліде, ау­дан­дық коо­пе­ра­тивте өз ма­мандығым бой­ын­ша ең­бек етіп
жүргенімде қо­ғам­дық өз­­герістер орын алды да, біз­дің қажетіміз оншалықты
болмай қалған секілді. Сонан соң күнкөрістік кәсіп үшін ағаш ұсталығына шығып
кеттім, – дейді кейіпкеріміз бір сәттік үзіліс кезінде. – Тұрғындардан тап­сырыстар
түсіп тұрады, шама келгенше сапалы етіп орындауға тырысамыз. Бұл күн­дері
Қайраттың ағаш шеберханасына ке­луші тұтынушылар баршылық, өйткені, ол уәдесін
уақытылы орындайды және жиһаз ба­ғасын келушінің жағдайына қарай қым­батқа
саудалай бермейтін жайсаңдығы да бар. Дүние тапқанның жөні осы екен деп, «Бер­сең
де бер бес теңге, бермесең де бер бес теңге» дей берсе, келушілердің де кіді
алып, басқа шеберлерге кетуі әбден мүмкін. Тұтынушымен тіл табыса білу, олардың
көңілінен шығуға тырысу – бұл нарықтық қатынастың өзіндік заңдылығы. Расында,
пен­деге алдыма адам келді екен, ісі түсті екен деп кеудесін кере бермей,
«жусаннан аласа, бетегеден биік» болған жарасымды. Біле білгенге, осындай
қарым-қатынас қоғамның татулықта, ынтымақта өмір сүруіне әр кісінің қосқан
үлесі болмақ.

Президентіміз белгілі бір
кәсіппен әулет болып шұғылданудың тиімділігін айтып, оны насихаттау барысын
тапсырды. Осы орайда ұстамыздың келіншегі – Гауһар да осы ша­руаның
басы-қасында болып, үнемі еріне көмектесіп отырады. Ал баласы Мейірхат ұс­талықтың
қыр-сырын әкесінен үйреніп келеді. Келешекте осы жолды жалғастырып кетуіне
кәміл сенім бар. Жәкен, Бақытжан есімді көмекші жігіттер де өз істерін мінсіз
атқаруға құлшынысты.

Иә, өз көшін түзеген
Қазақ елі азаматта­рына елін тұғыр ету, еңбегін ғұмыр ету ләзім. Оның бағасы
істің үлкен-кішілігімен емес, адал атқарылуымен бағалы.

Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Шиелі ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз