НАННЫҢ БАҒАСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

55

0

Облыс әкімдігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Қазагрохолдинг” АҚ және Қазақстанның қайта өңдеушілер одағы арасындағы Меморандумға сәйкес нан мен ұн бағасы үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін бұрынғы қалпында қалған болатын. Қазіргі таңда қол қойылған Меморандум бойынша оның мерзімі тағы да екі айға, 1 қарашаға дейін ұзартылды.

Бірінші кезекте ұнмен әлеуметтік бағыттағы нан өндіретін наубайханалар мен тұрақтандыру қорының дүкендері қамтамасыз етілетін болады. Демек, осыған сәйкес бұл ұннан дайындалған нанның бір бөлкесінің бағасы бөлшек саудада 40 теңгеден сатылатын болады. Осындай бағамен нан босататын дүкендер біздің қалада көптеп саналады. Облысқа ұн жеткізетін оператор «Аль-Асад” фирмасы болып табылады. Бұл компания алдағы жоспарларға сәйкес өз наубайханасы бар ұн зауытын салуды көздеп отыр. Қазіргі таңда фирманың өкілдері осы мәселе бойынша түрік мамандарымен келіссөздер жүргізуде.

Ж.ӘЛМАХАН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз