НЕСИЕ, ДЕПОЗИТ, ВАЛЮТА НАРЫҒЫ ҚАНДАЙ?

37

0

Жалпы әлемнің
қаржы рыногындағы ахуалдың қаржы рыногына да ықпал жасайтыны айқын. Бұл енді
экономиканың кәдуілгі табиғаттың құбылысы сияқты ауытқымалы сипатын білдіреді.
Сонымен Қызылордадағы қаржы рыногындағы жағдайды қалай сипаттауға болады?

Үстіміздегі жылдың 8
айындағы жағдай бойынша облыста депозит көлемі 2013 жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда 19,2 пайызға өсіп, 74,1 млрд. теңгені құрады. Осы уақытта заңды
тұлғалардың депозиттері 15,8 пайызға, ал жеке тұлғалардың депозиттері 22,5
пайызға өскенін атап өткіміз келеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Қызылорда филиалы басшылығының ұсынған деректері бойынша осы уақытта шетел
валютасындағы депозиттің көлемі 52,2 пайызға өскен. Осыған қарамастан,
теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 62 пайызды құрайды. Оның үлесі 2013 жылдың
1 тамызында 70,3 пайызды құраған болатын. Демек, теңгенің девальвациялануына
және соңғы әлемдік экономикадағы ауытқуларға байланысты теңгеге қатысты депозит
көлемі салыстырмалы кезеңде төмендегені байқалады.

Облыс экономикасын несиелеу
көлемі аталған кезеңде 18,5 пайызға артты. Сөйтіп, ол 133,5 млрд. теңгені
құрады. Талдау көрсеткендей, ұзақмерзімді несиелер бойынша берешек қалдығы 21,4
пайызға өсіп отыр. Әдеттегідей, азаматтардың тұтыну мақсатына берілген
несиелері аталған кезеңде 26,8 пайызға немесе 87,2 млрд. теңгеге өскен. Ол
экономикадағы жалпы несие көлемінің 65,3 пайызын құрайды.

Салалар құрылымында
несиелердің басым бөлігі құрылысқа, саудаға, өндіріске және көлікке тиесілі
болып отыр.

2014 жылдың 7 айында
облыс халқына сатылып, сатып алынған АҚШ долларының көлемі 2013 жылдың жеті
айымен салыстырғанда артқан.

«СБ» экономика.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз