НИЕТ ОРТАҚ, ТІЛЕК БІР

70

0

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен Ел-Үлкен Отбасы» жалпыұлттық
жобасын түсіндіру мақсатындағы шара Сырдария ауданында жалғасты. Оған облыс
әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Асылбек
Жұмабаев, ұлттық-мәдени орталықтармен жұмыс жасау және қоғамдық шараларды
ұйымдастыру бөлімінің бас эксперті Жарасхан Жәкенов, барлық сала мамандары,
мектеп мұғалімдері мен оқушылары, аудан тұрғындары мен өзге ұлт өкілдері
қатысты.

Алдымен «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары
Асылбек Жұмабаев «Үлкен Ел-Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасының маңыздылығына
кеңінен тоқталып, түсіндіру жұмыстарының барлық аудан мен қала деңгейінде
ұйымдастырылып жатқанын жеткізді. Осы жобаның жүзеге асуына барлық
қатысушыларды белсенді араласуға шақырды.Одан кейін Сырдария ауданы бойынша ұлтаралық қатынастар жөніндегі
эксперті Арайлым Қасымова өткен жылы атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктер
жайында хабарлама жасады. Сонымен қатар аудандық қоғамдық келісім кеңестерінің
жұмыстары жөнінде Н.Ілиясов ауылдық округінің Қоғамдық келісім кеңесінің
төрағасы Нұрмағанбет Қуандықов айтып берді. Сондай-ақ, ассамблея мүшесі Люба
Махмурзаева аудандағы ұлттар татулығы мен бірлігі жайында әңгімеледі.

Шара соңында Асылбек
Жұмабаев Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында ұйымдастырылған шараларға
белсене араласқан бірқатар азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады.

 

Сара
АДАЙБАЕВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз