Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың жаңажылдық құттықтауы

39

0

Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың жаңажылдық құттықтауыҚұрметті жерлестер! 
Қасиетті де киелі қазақ жеріне, Тәуелсіз елімізге Жаңа 2014 жыл қадам басып келеді. Қай-қайсымыз болса да, әдеттегідей Жаңа жылға үмітпен қарап, жағымды жаңалықтар күтіп, жаңа мақсат-міндеттер белгілейміз. Өйткені, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты мен халқымыздың бірлігінің арқасында біз жаңа ХХІ ғасырда іргесі берік, әлемдік қауымдастықта беделі биік мемлекетке айналдық. 
Тәуелсіз еліміз шекарасын бекітіп, экономикасын нығайтып, әлеуметтік деңгейін өсіріп, Еуразия төсінде жаңа Астанасын салып, ғаламдық процестерге ықпалын тигізетін, ата-бабаларымыздың арманын іске асыра алатын алпауытты мемлекетке айналды. 2050 жылға дейін дүние жүзіндегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатын алдымызға қойдық. Аталған межемізге біздер күмәнсіз жетеміз. Себебі бізді бір Отан, бір тағдыр, бірінші Президент біріктірді!
Елбасымыз «Сыр – Алаштың анасы» атаған туған өлкеміздің өткенінің символы – түркі әлемінің рухани көсемі Қорқыт ата болса, болашағының символы – «Байқоңыр» ғарыш айлағы.
Өткен 2013 жыл республикамызбен бірге Сыр елі үшін де нәтижелі жыл болды. Инвестиция тарту, құрылыс салу, салықтық базаны дамыта отырып бюджетті нығайту бойынша еліміздің аймақтарының алдына шықтық. Биыл күрішшілеріміз рекордтық өнім жинап, облыс бойынша әр гектарынан 49 центнерден Сыр маржанын қоймаға құйды. Жерлесіміз Абзал Ералиев «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды. Өткен жылы көптеген әлеуметтік және өндірістік нысандар іске қосылды. 
Елбасының тікелей қолдауының арқасында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының облыстағы учаскесі салынып, келесі жылдан бастап аймақтың елді мекендерін көгілдір отынмен қамтамасыз етуге кірісеміз.
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолының негізгі жұмыстары қарқынды жүргізіліп, жаңа жылдың тамыз айында толыққанды іске қосылады, салынған жол елді мекендер мен кәсіпкерлікті дамытуға оң септігін тигізеді.
«Сексеуіл – Бейнеу» темір жолы іске қосылып, саланың облыстағы инфрақұрылымын дамытуға және аймақтың көлік – логистикалық әлеуетін  өсіруге мүмкіндік берді. 
«Байқоңыр» ғарыш айлағын, Байқоңыр қаласы мен Төретам және Ақай елді мекендерін қарқынды дамытуға мүмкіндік беретін Қазақстан мен Ресей Үкіметтерінің келісілген «Жол картасы» бекітілді. Соның арқасында жаңа кәсіпорындар мен әлеуметтік объектілер іске қосылады. 
Елбасының әрдайым айрықша назарында Арал мәселесі. Үкіметке берілген тапсырмасының арқасында Солтүстік Арал жобасының екінші кезеңі мақұлданып, тиісті қаражат бөлінуде. Кезінде дағдарысқа ұшыраған аймақ даму жолына түсуде. 
Сонымен бірге, Елбасының қолдауымен облысымыздың  оңтүстік аймақтарында металлургия саласын дамыту мақсатында күрделі жұмыстарға кірісіп кеттік. Шыны, цемент, трубалар мен арматура шығару, машина шығару мен өңдеу өнеркәсіптерінің, энергетика және де басқа даму жобаларына нақты қадамдар басталды. 
Ауыл шаруашылығының дамуына жаңа серпін беріледі. Елбасының тапсырмасына сәйкес болашақта кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.
Ауылдағы тіректі елді мекендерді дамытуға, білім, денсаулық сақтау мен спорт, әлеуметтік қорғау салаларына тиісті мемлекеттік қолдау шаралары қабылданады.
Келесі жылы рухани даму мәселелеріне де ерекше мән берілмек. Қорқыт ата мемориалын жандандыру, Сыр сүлейлерінің дәстүрін дәріптеу, мәдени мұраны насихаттау, жас дарындарды қолдау күн тәртібінің басымдылықтары болып айқындалды.
Аталған жасампаз жобаларды іске асыру үшін елімізге бірлік қажет. 
Ырыстың – ынтымаққа, берекенің бірлікке бітетінін Сыр елі жақсы біледі, қадірін терең түсінеді.
Уважаемые кызылординцы! 
Сегодня, провожая уходящий год, позвольте сердечно поблагодарить Вас за всё, что мы вместе сделали за прошедший год. 
Благодаря поддержке Главы государства – Лидера нации 2013 год был для нас успешным.
За этот год нам удалось проделать большую работу, вложив весомый вклад в будущее региона. Утверждена Стратегия социально-экономического развития области до 2020 года, дорожные карты роста ключевых сфер жизни общества, реализуются программы развития.
Из года в год набирает силу, крепнет Кызылорда, растёт экономика региона и открываются новые возможности для ее жителей. 
Только единство, оптимизм и усердие приведут нас к успеху. У нас для этого есть всё: великое историческое наследие, колоссальные ресурсы, единство, трудолюбие и несгибаемый дух наших людей.
По традиции, за праздничным дастарханом собрались самые дорогие друг другу люди. Этот праздник – средоточие всего самого дорогого в жизни людей: поддержка близких, тепло домашнего очага, искренняя вера в то, что всё будет хорошо, что новый год будет лучше старого, что дети наши будут счастливы, старшие – здоровы и благополучны. 
Пусть в новом году сбудутся все самые заветные мечты! Искренне желаю Вам успехов, здоровья, счастья и благополучия в новом 2014 году!
С Новым годом!
Құрметті қызылордалықтар!
Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт пен береке тілеймін! 
Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік, туы биік болсын! 
Киелі Қызылордамыздың құты мен ырзығы артып, халқына жұғысты болғай. Еліміз, Елбасымыз аман болсын! 
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, қымбатты жерлестер!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз