ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

39

0

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ  ҚҰТТЫҚТАУЫАрдақты аналар, аяулы арулар!
Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
 Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. 
Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында елімізде әйелдер құқығы мен мүддесін қорғауға ерекше көңіл бөлініп келеді. 
Әйелдер бүгінде барлық салада жемісті еңбек етіп жүр. Мемлекетіміз жеткен жетістіктерге нәзік жандылардың қосқан үлесі зор. 
Әйелдер қауымы іскерлігімен қатар қашанда отбасының ұйытқысы, ырыс-берекесі болып келеді.  
Сыр өңірінің нәзік жандылары да билік пен бизнесте, ғылым мен мәдениетте ерекше қабілетімен танылуда. Елбасының «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» деген сөздері ананың қадірін біліп, асыл қасиетін түсінуге үндейді, мемлекет және қоғам болып аналарымызды алақанға салып аялауға шақырады.
Бүгінгі мерейлі мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!
Құрметпен, Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз