ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

49

0

Құрметті Сыр жұртшылығы!
Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын!
Халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөзінің астарында үлкен мән бар. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Қазірде қазақ елі, өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымы бар, берекесі мен бірлігі жарасқан табысты мемлекет». 
Біз бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұмылған қуатты елміз.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең жоғары байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық! 
Түрі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір көпұлттың өкілдерімен бірлік арқасында өскелең ұрпаққа жарқын болашақ сыйлайық!
Құрметті жерлестер!
Бүгінгі бірлік мерекесі қарсаңында Сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ, бірлігі арта берсін.
Құрметпен, Қызылорда облысының әкімі  Қ.Көшербаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз