Қорқытумен ақша тауып жүрген қылмыскерлер қамауға алынды

79

0

Ағымдағы жылы Қызылорда обылысы, Шиелі ауданының тұрғыны 1977 жылы туылған азаматқа Қызылорда қаласының тұрғындары белгісіз азаматтар өзін күш қолдану арқылы қорқытып, жәбірленушіден 5 000 000 теңге талап етіп жүргендері жөнінде полицияға арызданған болатын.
Ол өзінің арызында ағымдағы жылдың наурыз айының 7-ші жұлдызында жәбірленушінің жұмысына белгісіз 2 азаматтар келіп «Біздің ағамызға ақша берешек екенсің, сол бес миллион теңгені бізге бересің,  айтқан сумманы тез арада тауып бермесең бала-шағаңнан айырылып қалуың мүмкін» деп қорқытып кеткендігі мәлімделген.
Сонымен қатар, аталған азаматтар 19-шы наурызда жәбірленушіге қоңырау шалып, кездесіп тез арада ақшаны бермесең жағдайың қиын болады деп қорқытқан, сол арада әлгі қарыз деп ақша талап етіп жіберген жәбірленушінің бұрыңғы танысы қоңырау шалып, «Мен саған балдар жіберімін деп айттым, тез арада ақшаны тауып бересің» деп телефонды сөндіріп қойған.
Аталған қылмыстық іс бойынша  27 наурыз күні жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шиелі кентінің бойында сағат 12:50 шамасында «СУБАРУ ОУТБАК» маркалы автокөлігін тоқтатып, автокөлік ішінен Қызылорда қаласының 3 азаматы көліктен шығарылып, қарау жүргізу барысында автокөлік ішінен бір дана пышақ, және артқы орындықтың үстінде тұрған қара түсті «Барсетка» ішінен алдын ала арнайы дайындалған 100 дана 10 000 теңгелік купюра барлық сомасы бір миллион теңге ақша айғақ зат ретінде алынып, күдіктілер Шиелі АІІБ-не жеткізілді.
Қазіргі таңда, аталған қылмыстық іс бойынша Қызылорда қаласының тұрғындарының қылмыстары дәлелденіп, Қызылорда ҚІІБ-ның УҰА-на қамалып, Қызылорда облыстық прокуратураның қолдауымен Қызылорда қаласының №2 сотымен санкция беріліп бас шаралары қамауға алынып қылмыстық іс сотқа жолданып 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз