ОТАНШЫЛ БОЛ, ЖАС ҰРПАҚ!

49

0

Қазіргі кезде тәрбиенің жан-жақты, сан қырлы, әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, оларды отансүйгіш, елжанды азамат етіп қалыптастыру қоғам алдындағы басты міндет. «Тәрбие басы – тал бесік» деп қазақ даналары бекер айтпаса керек. Оқушының жетілген, интеллектуалды азамат болып өсіп жетілуі үшін тек қана мектеп емес, ата-ана да бала тәрбиесіне көңіл бөліп, белсене атсалысқаны жөн. Тәрбие мен білім егіз, мұғалім ізденімпаз болса, оқушы білімпаз болады. Сондықтан, шәкірттерімізге өз еңбегімізбен, оларға деген көзқарасымызбен әсер ете алатындай болуымыз керек. 
«Қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданып, кеңінен қалыптасып келеді. Бұл ұғымның педагогикалық жағынан келетін болсақ, ол болашақ ел азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақ халқының тарихын, өз тілімізді білмек шарт. Тіл – тарихымыздың жабулы құлпын ашар әмбебап кілт. Атадан – балаға, баладан – немереге, немереден ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерді, әдеп-ғұрыптарды білген жөн. Өткен тарихымыздың жақсылықтары мен игі тағылымдарын сақтау, дамыту, оны көбейту, әрі жаңа сапа беру, Абай атамыз айтқандай, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыру, қазақстандық патриотизм деген ұғымды Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлттардың сана -сезіміне орнықтыру абзал борышымыз.
Ш.ҚҰЛМАҒАНБЕТ,
№52 Б.Аралбаев атындағы орта мектептің орыс тілі пәні мұғалімі. 

Жаңақорған ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз