ОТАНШЫЛДЫҚ – ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМ

69

0

Талай даналығымен дүйім елдің ардақтысына айналған Әйтеке би «Өмірім – өзгенікі, өлімім – өзімдікі» деп халыққа қызмет етуді өзіне басты парыз санаған. Оны отаншылдықтың нағыз айнасы деп айта аламыз. Сондай-ақ, қазақ халқының ұлт болып ұйысуына көп еңбек сіңірген Тәуке хан өмір сүрген заманда қазақ үшін отаншылдық байлықтан да жоғары бағаланды.

Сондықтан қай уақытта жүрек түбінде иманды ұялатып, әрбір қадамыңды ойша саралап, ақырын жүріп, анық басқаның артық емес. Бүгінгі таңда ашуға ерік беріп, туған жерге қызмет етуді ұмытып жататын пенделер баршылық. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде халықтың өз ұлтының тілін, ділін, дінін берік сақтауымен және мақтан тұтуымен тікелей байланыстырылды. Қазіргі батыс зерттеушілері отаншылдық ұғымы қоғамдық-саяси феномен ретінде ескіріп тозды, маңызы жоқ деген пікірлер айтады. Еуропаның кейбір ғалымдары отаншылдықты ұлт, азаматтық ұғымдармен алмастырды.

Отаншылдық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Сондықтан отаншылдықтың қайнар көзі адамгершілік қасиеттер болады. Отаншылдықтың іргетасы – ұлтжандылық. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл бола алады. Отаншылдықты рухани құбылыс ретінде зорлықпен, нұсқаумен енгізу мүмкін емес. Отаншылдық тәрбиеге қатысты барлық ұғымдар мақсатты әрі нәтижелі жұмыс істегенде ғана санаға сіңеді.

Маржан ШОХАНОВА,

№194 Сунақата орта мектебінің мұғалімі.

Жаңақорған ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз