Отбасы мен мектеп – тәрбие ошағы

50

0

Елбасының Жарлығымен қыркүйектің екінші аптасы От­­басы күні болып белгі­лен­­гені аян. Осыған орай Жа­­­ңақорған ауданындағы №86 орта мектепте апталық іс-ша­ра жасалынып, соның ая­сында «Отбасы мен мек­теп – тәр­бие ошағы» тақы­ры­бында ата-аналар мен мұға­лім­дер қатысқан басқосу бо­­лып өтті. Оған Шалқия кен­ті әкімшілігінен, ауылдағы ақ­сақалдар алқасынан, мешіттен өкілдер қатысты. Күн тәрті­біндегі мәселе бойынша мек­теп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары А.Би­жікеев өткен жылғы тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстарға талдау жасап, алдағы міндеттерге тоқталды.

Жасөспірімдер арасын­да құқық бұзушылық пен қыл­мыстың алдын алу­да­ғы мектеп пен ата-ана ара­сын­­дағы байланыстың рөлі мен маңызы ерекше. Жас­тар мен жасөспірімдер тәр­бие­сіне негізінен балаларға түн­гі мезгілде отбасынан қада­ға­лау­дың аз болатыны, кей ата-ана­ның өз баласына сөзін өткізе ал­мауы, жасөспірімдердің шет­тен келген әдепсіз, ұлтқа жат қылықты фильмдерді, ин­тернет ақпараттарын еркін пай­далануы секілді фактор әсер етеді. «Мың жылдығыңды ой­ласаң, ұрпақ тәрбиеле» де­ген ұлағатты даналық жас­өс­пірімдерді алдағы уақытта бі­рігіп тәрбиелеуді көздейді. Ата-аналар кеңесінің төр­айы­мы А.Әшімова кеңестің ат­қарған жұмыстарын ай­та ке­ліп, бала тәрбиесі жай­лы өз пікірін білдірді. Кент әкім­шілігінен келген бас маман Р.Шайхаттарова барлық отба­сын мерекемен құттықтап, ұр­пақ тәрбиесі ортақ міндет екенін жеткізді. Ал учаскелік инспектор, полиция аға лей­тенанты Б.Әбжалов ата-ана жау­­апкершілігін саралай ке­ліп, мектеп мұғалімдері мен кент­тегі «Әкелер одағының» ат­қарған жұмыстарына тоқ­талды. Жиналысқа қат­ысқан өзге ата-аналар мен мұғалімдер де бала тәрбиесі жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Апталық барысында бар­лық сыныптарда «Отбасы және мектеп» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Олардың соңы спорттық, мәдени-көпшілік іс-шараларға ұласты.

Г.РЕЙМБЕРГЕН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз