ӨҢІРГЕ “ӨМІР ЖОЛЫ” КЕЛДІ

73

0

Ұлы Отан
соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ардагерлер ұйымы» республикалық  бірлестігінің Орталық кеңесі «Самұрық-Қазына»
ұлттық қорымен бірлесе «Жеңіс» акциясын ұйымдастырған болатын-ды. Оның аясында
«Өмір жолы» қоғамдық қоры ҰОС ардагерлеріне аса қажетті жағдайда көмек
көрсететін ұялы телефондарды сыйға тартып келеді. Осы мақсатта  Сыр өңіріне келген «Евразия Медиа форум»
халықаралық қорының өкілі Ольга Савельева, республикалық «Өмір жолы» қоғамдық
қорының  директоры Ернар Нұрбеков
облыстық ардагерлер үйінде ҰОС ардагерлерімен кездесті. Бұл шараға сондай-ақ
облыстық ішкі саясат, денсаулық сақтау, ішкі істер, төтенше жағдайлар, жұмыспен
қамтуды үйлестіру және  әлеуметтік
бағдарламалар басқармаларының жауапты қызметкерлері, аудандық, қалалық
ардагерлер кеңестерінің төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері
қатысты. 
Салтанатты шараны
ашқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов аймақта  Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында жүргізіліп
жатқан жұмыстарға тоқталды. Сыр өңірінде 
ҰОС-ның 104 ардагері бар, олар туралы кітап шығарылып, деректі фильмдер
түсірілуде. Әр ардагердің үйіне белгілер қойылып, көшеге олардың суреттері
ілінбекші. Ауыл, аудан, облыс тарапынан Жеңісті жақындатқан майдангерлерге,
олардың отбасына лайықты құрмет көрсетіледі. Ал республикалық Ардагерлер ұйымы
тарапынан көрсетіліп жатқан мына 
құрметтің  ерекшелігі өз алдына.
Мұнан кейін
Алматыдан арнайы келген халықаралық және қоғамдық қор өкілдері елімізде
жүргізіліп жатқан «Жеңіс» акциясы аясындағы 
«Өмір жолы» жобасының мақсаты мен оның ардагерлер өміріндегі алатын орны
туралы жан-жақты әңгімеледі. Майдангерлерге ұсынылатын бұл ұялы телефонның
басты ерекшелігі, ондағы дабыл түймесінің 
басылуына орай ардагерге Алматы қаласында орналасқан орталық арқылы,
яғни солардың араласуымен түрлі көмектер көрсетіледі. Ал, «Билайн» компаниясы
облыстық бөлімінің қызметкері Гүлзада Құрманбаева ҰОС ардагерлеріне
көрсетілетін қызмет түрлері мен жеңілдіктер жайында айтып өтті.
Республикада
жүргізіліп жатқан акция барысында Қызылорда қаласында тұратын ҰОС ардагерлері
Бөрібай Құлманов, Ыдырыс Қалиев, Кеңесбай Қалиев, Әбдірауық Сатыбалдиев пен
Михаил Баев арнайы жабдықталған, өзі, балалары мен туған-туыстары, қызмет
көрсететін мекемелер жайында толық мағлұматпен қамтамасыз етілген  ұялы телефонның иесі атанды.
 Ардагерлерді №187 орта мектеп  оқушылары құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті.
Бүлдіршіндердің өнеріне риза болған Ыдырыс ата оларға ақ батасын берді.
 
  Жұмагүл
ОРАЛБАЕВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз