САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

42

0

ҚР Табиғи
монополияларды рет­теу агенттігінің облыс бойынша де­партаменті журналистердің
қатысуымен «Қызылорда электр тарату тораптары ком­паниясы” акционерлік
қоғамының жа­ңарту жұмыстары мен инвестициялық мін­деттемелерді орындау
барысымен танысу мақсатында баспасөз турын өткізді.

Бүгінде
шаруашылықтың барлық салаларында энергияны үнемдеу мен энер­гия тиімділігін
арттыруға ерекше ба­сымдық беріліп отыр. Өйткені бұл мә­селенің энергетикалық,
экологиялық, эконо­мика­лық және әлеуметтік проблемаларды ше­шу­де маңызы зор.
Энергияны үнемдеу энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ете­тін негізгі әдіс.
Сондықтан да ол мем­лекеттің стратегиялық мақсаты деп есеп­теледі.

Негізі табиғи
монополия субъекті­лері үшін тариф бекіту кезінде олардың белгіленген тәртіппен
бекітілген инвести­циялық бағдарламалары болуына айрықша көңіл бөлінеді. Осы
орайда айтар болсақ, онда департамент пен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі 2012 жылы «ҚЭТТК” АҚ-ның 2013-2015 жылдарға 758,4 млн. теңге
инвестициялық бағдар­ламасын бекітіп берген. Ол бойынша қо­ғам қолда бар
активтерді жаңарту мен қолдауды, негізгі құралдарды қалпы­на келтіру мен
техникалық қайта жарақ­тан­дыру жұмыстарын іске асыратын болған. Осы
инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында кәсіпорында ауқымды істер
қолға алынды. Соның бірі тұрғын үйлердің кірме сымдарын әуе электр желісінен
алюминий сыммен есептегішке дейін жеткізді. Өз кезегінде бұл электр энергиясын
ұрлауға жол бермейді. Соның нәтижесінде электр энергиясының шығыны 10-12
пайызға азайып, көрсетілетін қызмет сапасы жақсарды. Мұнан бөлек, кәсіпорын
өткен жылы инвестиция салу есебінен 15 трансформаторлы қосалқы станция мен 12
трансформаторды ауыстырды. Бұ­ған қоса бірнеше шақырым кабельдік және әуе
электр желілері де жаңартылды. Жұмысты ұтымды ұйымдастырудың арқа­сында
кәсіпорынның нормативтік-тех­никалық ысыраптары 2009 жылдан бері 16,8 пайыздан
15,7 пайызға түсіп, не­гізгі құралдардың тозығы 79 пайыздан 77 пайызға
төмендеген. Сонымен қа­тар, кәсіпорынның энергетикалық қондыр­ғы­ларының жұмысы
жақсарып, апаттық тоқтаулар азайған. Сөйтіп, тұтынушыларды электр энергиясымен
қамтамасыз етудің сенімділігі артқан.

Бүгінде
кәсіпорын 2014-2016 жыл­дарға белгіленген инвестициялық бағ­дарлама аясында
көрсетілетін қызмет са­па­сын арттыру жұмыстарын қолға алып, осы мақсатқа 860,8
млн. теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр.

 

А.АМАНЖОЛҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз