ШЕКАРАЛЫҚ АЙМАҚТАҒЫ ТҰРҒЫНДАР ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

51

0

Қазақстан
Республикасы мемлекеттік шекарасын оңтүстік өңір аумағында бұзу фактілері күні
бүгінге дейін тоқтамай келеді. Шекара шебінен өтуге болмайтын жерлер арқылы
контрабандалық жүк тасымалдау тәуелсіз мемлекетімізге экономикалық зиян
келтіруде. Қазақстан Республикасының құрлықта, теңізде, өзендер мен өзге де
жолдарындағы мемлекеттік шекараны күзету ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің
шекара қызметіне жүктелген. Темір жол, автокөлік, теңіз, өзен, әуе жолы және
өзге де жерлер арқылы өтетін шекара шептері ҚР Үкіметі белгілеген өткізу
пункттері арқылы айқындалады.

Мемлекеттік шекара бойында орналасқан аудандардың
тұрғындары өз қажеттеріне қарай көршілес орналасқан туыстарымен араласу үшін
шекараны бұзып жатады. Шекарадан өту арнайы рұқсат беретін бақылау пункттері
арқылы іске асырылады. Сондықтан да шекара бойына орналасқан тұрғындар облыс
аумағына тарайтын газет арқылы шекара қызметі мынадай міндеттерді атқаруға
құқылы екенін еске салады. Соның бастысы тапсырманы орындау үшін жолдар мен
маршруттар бойына нарядтар қойып, еркін қозғалуға рұқсат етіліп, жүргіншілердің
құжаттары мен көліктегі жүктерін тексеруге, оларға бағыт сілтеуге құқылы.
Сондай-ақ, ҚР шекарасын қорғау мақсатында жүргіншілердің жұмыс істейтін құзырлы
орындары мен құқық қорғау органдарының анықтамаларын пайдалана отырып, жедел
іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады. Шекара бұзушыны құрықтау мақсатында
жергілікті жердің кез келген жерінен өтуге, мекеме ғимараттарына, тұрғындары
бар үйлер мен бос үйлерге де кіре алады. Сонымен қатар «ҚР Мемлекеттік шекарасы
туралы” Заңдарына сүйене отырып, құрал, әскери техника, арнайы тәсілдер
қолдануға да құқылы. Әрі ҚР Мемлекеттік шекарасын бұзбақшы болғандардың ҚР-на
келуге, не кетуге рұқсат құжаттарын тексеріп қажетті белгілер соғуға, не мүлде
алып қоюға, ҚР-на кетуге арнайы құжаттары жоқтарды шекарадан өткізбеуге, оларды
режимді аймақтарда ҚР-ның басқа да тәртіп орындарында кім екені анықталғанша
ұстай алады. Жүктелген міндетті іске асыру үшін шекараға таяу орналасқан елді
мекендерде, сондай-ақ мемлекеттік шекарадан өтуге арнайы рұқсат беретін
пункттерде жергілікті тұрғындардан арнайы топ құрады.

Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзетуде әрдайым
жергілікті тұрғындардың белсенді қолдауына сүйеніп келді және сүйене береді.
Тұрғындардың шекара күзетіне қатыстырылуы түрлі жолдармен іске асырылады. Бұл
топты дұрыс пайдалана білудің шекара шебін күзетуде алар орны орасан зор.
Себебі, байырғы тұрғындар шекараны күзетуді барынша күшейтеді, олардың
көмегімен ше­каралық құрылымдар ерікті халық жасақтары, жергілікті
құзырлы органдар мен мекемелердің, ұжымдардың басшыларымен байланыста болу және
азаматтардан түскен шағымдарды қабылдау сияқты шараларды іске асырады. Жалпы,
тұрғындардың кө­мегімен шекара қызметінің мүм­кіндіктерін одан әрі кеңейтеді
және оған деген сенімді арттырады. Осының өзі-ақ шекара шептерін қорғауда
шекаралық аудандар тұрғындарының рөлі зор екенін білдірсе керек.

Шекара бөлімшелерінің сақшылары Отанымыздың қасиетті
шекара шептерін қорғау бұйрығына сай еңбек етеді. ҚР Мемлекеттік шекарасы қол
сұғуға болмайтын, біртұтас болып есептеледі. Мемлекеттік шекарадан өтуге рұқсат
беретін орындардың ережелері мен шекара тәртібін бұзғандар мен бұзуға әрекет
еткендер, сол сияқты мемлекеттік шекарадан рұқсатсыз жүктер, материалдар,
құжаттар мен т.б. заттарды, заңсыз тасымалдаған тұлғалар ҚР Мемлекеттік шекара
туралы заңдарымен қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылады. Әскери бөлім
басшылары Қазақстан Республикасы шекарасын сенімді күзетуде жергілікті
тұрғындардың жоғарғы патриоттық сезімдеріне зор сенім білдіреді.

 

2019 әскери бөлімі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз