ШИПАГЕРЛЕР

66

0

Қашан көрсең де күле сөйлеп, жайдары жүретін Әбекең – көп
құрметтісі. Адам еңбегімен өсе­ді емес пе, оны осы дәрежеге жет­кізген
жұртшылыққа деген жы­лы қатынасы мен өз ісіне деген адалдығы. Оның үстіне жас
кезі­нен қалаған мамандығын жете игерумен бірге, оны замана тала­бына сай
жетілдіріп отыруы қа­тар­ластарынан биіктете түскен сы­ңайлы. Жігіттің қосағы
жарасым­ды болса, тартқан керуенінің жүгі аумайды. Ағамызға жаратушы ұш­қыр
талант пен қабілет және де ақжарқын да кең пейіл, түсінігі мол жанды жар етіп
сыйлады. Ұлтай да өзі секілді дәрігер. Алматыдағы Асфендияров атындағы медици­на­лық
институтта педиатр маман­дығын алып
шықты, қатар оқыды, ерке қызбен танысты, сырласты соңы бір-біріне қимас
жандарға айналып шыға келді емес пе?!

Елбасымыздың «Еңбек қоға­мы­на 20 қадам» атты еңбегі зор
маңызға ие, онда әр адамның үл­кен өмірде орнын табуына, кетігін тауып қоғамның
кірпіші болып қалануына жол ашу, қа­білетіңе қарай бір мамандықты сүю, оны жете
игеру тұрғысында әңгіме өрбітіледі. Міне, осы орай­да біз манадан сөз етіп
отырған тіс дәрігері Аманкелді Әбдрахмановтың орны ерекше.

Ел сеніміне ие болған Әбекең­нің басшылығындағы Шиелідегі
тіс емдеу орындарының бірі – «Әде­мі» тіс емханасы. Халық ден­саулығына
айтарлықтай қызмет көрсететін емдеу мекемесінің жа­­са­ған қызметіне риза болып
жүр­ген аудан тұрғындары мол.

Ол 1982 жылы аудандық сто­мотологиясы ретінде қызмет көр­сетсе,
қазіргі таңдағы «Әдемі» де­ген атқа 1997 жылдан бері ие. Оның басшысы Амангелді
Әб­жап­барұлының жоғары білік­ті, кәсіби маман екендігін жоға­рыда айтып өттік.
1970 жылы медициналық институтты
бітіріп келісімен осы салада 40 жылдан астам уақыт бойы қызмет атқа­рады.
Оның бастауымен құрылған «Әдемі-тіс» мекемесі сол кезден бері халыққа тұрақты
қызмет көрсетеді. Мекемеде нақты кезең­де халық жанашыры бола білетін 26
қызметкері бар. 1970 жылы бітіріп осы салада 40 жылдан астам уақыт бойы қызмет
атқаруда. Ме­кемеде 5 тіс дәрігері, 10 аяжан, 3 санитарка қызмет етеді.

Жас мамандар Дәурен мен Нұр­лан қарымды ұстаздың өз
інілері. Олар да медицина ака­демиясын жақсы үлгеріммен
бі­тірген азаматтар. Бір әулеттен шыққан ағалы-інілі, ерлі-зайыпты кісілер
осылай өз біліктерін халық денсаулығының жақсы болуына арнауда.

Аталмыш
тіс емдеу мекемесі биылғы жылғы мемлекеттік бағ­дарламаға сай, мектеп оқушы­ларын
емдеуге 600 баланы есеп­ке алып, ол үшін «2020 бағ­дарламасы» бойынша қаржы
алуға да қол жеткізді. Соны өз орнымен тиімді пайдалану мақсатында дәрігерлері
жігерлі жұмыс атқа­рып келеді. Аудандағы барлық стомотологиялық орталықтардың
көшбасшысы осы ме­кеме десек, ар­тық айт­қандық емес. Әри­не, бұл басшы­ның мол
тәжірибесімен білікті бас­шы­лығының жемісі.

Жуырда
қуа­нышты хабар кел­­ді, «Әдемі» тіс емдеу меке­месі «Ұлттық биз­нес орта­лығы­ның»
«Сала жеңім­па­зы-2014» номинациясына ие бол­­са, бас дәрігер Аманкелді Әбд­рахманов
«Даңқ жұлдызы» ор­денімен мара­патталды. Ал жас маман Дәурен медальға ие болды.
Бұл ұжым үшін де, дәрігерлер әулеті үшін де үлкен жетістік, зор құрмет деп
есептейміз.

Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Шиелі ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз