ШИПАЖАЙДА – АРДАГЕРЛЕР

45

0

ШИПАЖАЙДА – АРДАГЕРЛЕР

Зейнеткер ардагерлерге қамқорлық жылдан-жылға жақсара түсуде. Соның бір айқын айғағындай, жақында Қызылорда қаласының отыз ардагері «Жаңақорған шипажайында» ем алып, демалып қайтты. Игілікті шараны қалалық ардагерлер кеңесі ұйымдастырып, оған ҚазГерМұнай ЖШС демеушілік жасады. Аталған кәсіпорын бұған дейін Жеңіс күні қарсаңында қаланың елуден астам соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасаған болатын.

Облыс орталығынан келген ардагерлерді шипажай қызметкерлері құшақ жая
қарсы алып, олардың емделуіне, демалуына барлық жағдайды жасады. Ардагерлерді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Әбдібаев демеуші
кәсіпорын автобусымен алып барып, алып қайтты. Осының баршасына ардагерлер дән
риза.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз