ШІРКЕЙЛІДЕ ШАЛҚЫҒАН ӘН ДАРИЯ

82

0

Облысымызда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көтерілген тапсырмаларды орындау мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда. Бағдарлама аясындағы шаралардың бірі ретінде облыстық филармонияның Шіркейлі ауылының мәдениет үйінде өткізген концертін атап өтуге болады.
Жуырда облыстық филармония өнерпаздары Шіркейлі ауылының мәдениет үйінде концерт қойды. Бұл күні ауыл жұртшылығы Гүльфира Алиханова, Бекзат Молдабергенов, Данияр Есентеміров, Назерке Нұрад-динова, Олжас Нұралиев, Зульфия Баймырза сынды халықаралық және рес-публикалық байқаулар лауреаттарының өнерін тамашалады. Сонымен қатар, «Тұран» триосы концертті әнмен әрлесе, «Томирис» би ансамблі бимен көркемдеді.
Осылайша, шіркейліліктерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған өнер саңлақтары көпшіліктің ықыласына бөленді.
А.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз