“Шұғылада” спорттық алаңдар салынды

55

0

“Шұғылада” спорттық алаңдар салындыҚызылорда қаласындағы №21
сай­лау округінен облыстық мәс­лихатқа депутаттыққа сайланған «ҚазГерМұнай» БК”
ЖШС бас ди­ректоры Медет Кәрім өзінің сай­лауалды бағдарламасын орындауға
ерекше мән беріп келеді. Соның нәтижесінде облыс орталығындағы «Шұғыла” шағын
ауданында орын тепкен №7, 187, 235 мектептердің аумақтарында спорттық алаңдар
са­лынып, жас жеткіншектердің көз­айымына айналды.

 

Алаңдардың құрылыстарына «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС қаржы
бөлді. Аталмыш жобаның бас­ты мақсаты – осы мектердің ма­ңында тұратын және білім ошақ­тарында оқитын балалардың ден­сау­лығын
сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ, аталмыш мектептерде оқи­тын
аз қамтамасыз етілген жә­не асы­раушысынан айрылған отбасы­лар­ балалары оқу
құрал-жаб­дықтарымен қамтамасыз етілді.

Райан Ақниет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз