ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА – ҚЫЗМЕТТІК КҮНДЕЛІГІ

1273

0

ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА - ҚЫЗМЕТТІК КҮНДЕЛІГІЕліміздің қорғаныс қабілетінің кемелдігін және тыныштығын күзететін әскери қызметшілер болса, әскери тәртіп пен олардың құқық бұзушылық салдарын алдын-алу барысындағы шараларды жіті бақылайтын құзырлы орган – әскери прокуратура.
Әскери прокуратура органдарына қойылатын талап  пен міндет қандай? Әскери прокуратура органдары қызметіндегі негізгі міндет: әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік құқығын сақтау, бостандығын қорғай отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрес жолдары бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыру болып табылады.
Прокуратура органдарының қызметкерлігіне қойылатын талап өте жоғары. Денсаулығының жарамдылығы, жоғарғы білімді, заң барысында сауатты болуы басты шарт!
Прокуратура органдарының қызметкерлері үш жылда бір рет аттестациядан өткізіледі. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданғанда ант қабылдайды. Прокурорлық қызметкерлерді аттестациялау олардың атқарып отырған қызметіне лайықтылығын немесе сәйкес келмейтіндігін анықтауға, сондай-ақ қызметін жоғарылату, кезекті дәрежелік шен беру жөнінде шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі. Прокуратура органдарының қызметкерлері мемлекеттің қорғауында болады.
Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының тарихы
Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының тиісті бұйрығына сәйкес, 2003 жылы мамыр айының 5 жұлдызында құрылған.
Алғаш 2003-2005 жылдары Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры болып, әділет подполковнигі Ж.Ерекешов тағайындалды. 2005-2009 жылдары әділет подполковнигі М.Түспеков, 2005-2011 жылдары әділет подполковнигі С.Рашқалиев, 2011-әділет подполковнигі Қ.Бердалин, 2015-2017 жылдары әділет подполковнигі Е.Сыбанбаев, 2017 жылдан бастап, әділет майоры Қ.Рахматулин қызмет атқаруда.
Заңдылық пен құқықтық реттілікті нығайту, заң мүддесінің жоғарылығын қамтамасыз ету мақсатын алға тартқан әділет майоры Қ.Рахматулинің басшылығымен татулығы мен бірлігі жарасқан шағын ұжымда төрт әскери қызметші, бір қызметкер жұмыс жасайды. Олар аға прокурорлар әділет майоры Б.Нұрмаханбетов, әділет капитаны Р. Снопов, әділет  прокуроры қатардағы жауынгер  Ж.Мухамедқалиева, кіші сержант Г.Омарова, қызметкер Ә.Бимухамедова.  
Адам саны жағынан аз болғанымен, жұмыстың сапасы арқылы көзге түскен аталған әскери органның қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы бұйрықтары мен нұсқауларын орындау бағытында тынымсыз жұмыс атқаруда.
Антқа адал, заңға берік бол! ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА - ҚЫЗМЕТТІК КҮНДЕЛІГІ 
Әскери прокуратураның жұмыс барысында өзара ұстанатын ұраны «Антқа адал, заңға берік бол!».
Қызылорда облысы аумағында орналасқан әскери бөлімдермен және мекемелер құрамымен әскери прокуратура қызметкерлері тығыз-қарым қатынаста байланысып, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырады.
Атап айтар болсақ:
Өткен жылы алғаш әскери прокуратураның бастамасымен «Құқықтық патруль» атты акция өткізілді. Аталған акцияда әскери заңгерлерден тұратын топ құрылды.
Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдардың сауалдарына байланысты құқықтық біліктілін арттыру. Тағы да бір тиімді жолы әскери бөлімдермен мекемелердің заңгерлері әріптестік тұрғыдан өзара тәжірбие алмасып, қызметтік білімдерін жетілдіреді.
«Құқықтық патруль» атты акция шеңберінде әскери қызметшілерге арналған тұрғын үй қатынастары және әскери қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулермен толықтырулар енгізуге байланысты ақпаратпен қамту жұмыстары жүргізілді.
«Армияда қылмыстылыққа орын жоқ» бағдарламасын жүзеге асыру барысында, құқық бұзушылықтар мен суицид профилактикасы сұрақтары бойынша әскери бөлім командирлері және әскери қызметшілердің қатысуымен бірнеше дөңгелек үстелдер  ұйымдастырылды.
«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында барлық әскери бөлімдерде орналасқан рәміздердің орналасу тәртібін қадағалау мақсатында ауқымды шара өтті.
Жыл сайын Бас әскери прокурордың үндеуі негізінде дәстүрге айналған «Прокурор сағаты» атты дәрісі мерзімді әскер қатарына шақырылушы азаматтарға көктем және күз мезгілдерінде өткізіледі.
Дәріс арқылы қазақстанның әр аймағынан келіп, сап түзеп жүрген сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысып, олардың психологиялық – моральдық жағдайларын анықтау мақсатында жүзеге асады.
Сонымен қатар, Қызылорда облысында жастарды әскерге шығарып салу шарасы салтанатты түрде облыс орталықтарында орналасқан батырлар ескерткіші жанында ұйымдастырылады. Болашақ Отан қорғаушыларға рухани жігер сыйлау мақсатында прокуратура қызметкерлері «Сарбаз! Сен елді қорғайсың! Сені – заң қорғайды!» – деген қанатты сөзді, әрқашан сөз арасында айтып, сәт-сапар тілейді.
WhatsApp желісі арқылы олардың ата-аналарымен арнайы байланыс орнату конференциясыда ашылды.
«Отан – от басынан басталады» – дейді. Үйдің ұйытқысы бола білген, әскери қызмешілерге мемлекеттен бөлек, қызметте қолдау білдіріп отырған жанұя мүшелірімен кездесіп, көкейде жүрген сауалдарына жауап беру бағытында бірнеше кездесу жұмыстары жүргізілді.
Азаматтардың өтініштерін қабылдануы үшін барлық әскери бөлімдерде әскери прокуратура атынан жеке пошта жәшіктері мен сенім телефондары орналастырылған.
Қосымша айта кететін жайт, әскери прокуратураға талап-арыз жолдаған  азаматтардың құжаттары толықтай заң жүзінде қарастырылып болған соң,  жауабын жеке өздерінің қабылдап алуына толық мүмкіндіктері бар.
Қазақстан Республикасының Президенті ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Назарбаев: «Бүгінде әр қазақстандық өзді-өзінен елімізге жақсы болып, біздің Отанымыздың дәулеті артуы үшін мен не істедім деп сұрауы керек. Егер әр азамат осылай пайымдайтын болса, бүкіл еліміз өзінің дамуына қарқын қосарына менің сенімім мол», – деген болатын.
Осы бағытта, әскери салада жүрген әскери прокурорлардың қызметтік күнделігі осылай жалғасуда.
Қ.Рахматулин,
Қызылорда гарнизонының
әскери прокуроры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<