ІСКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАСАҢ – ІС БІТЕДІ

51

0

Бүгінде Елбасы тапсырмасына орай елімізде кәсіпкерлікті қолдауға баса мән
берілуде. Шағын және орта бизнесті жөн-жосықсыз тексеруге жыл аяғына дейін тыйым
салынған. Содан болар жыл өткен сайын кәсібін нәсіп етушілер қатары да көбейіп те
келеді. Десе де, бизнестің кеңеюіне кедергі келтіріп жүрген жайттар де жоқ емес.
Оған жақында Жалағаш ауданы әкімі Т.Дүйсебаев аудан аумағындағы кәсіпкерлермен кездесіп,
ашық әңгімелескенде көз жеткіздік.

Жиын барысында
негізсіз тексерулердің көп іске қолбайлау екендігі баса айтылды.

– Жасыратыны жоқ,
– деді жеке кәсіпкер О.Ахметов, – аудандағы кәсіпкерлік саласы мен жеке кәсіпкерлер
арасында мүлдем бай­ланыс жоқ. Содан да кәсіп иелерінің жұ­мыстарын жандандыруға
көптеген кедер­гілер кездесіп отырады. Осы мәселе шешімін таппай, саланы өрге бастыру
әсте мүмкін емес.

Ал, кәсіпкер К.Сауранбекова
кәсіп иеле­ріне көңіл бөлінбей, ескерусіз қалумен жүр­генін тілге тиек етті.

– Кәсіпкерлер
ауданымызда кіші өнді­ріс орындарын ашса, жұмыссыздар қатарын азай­туға да сүбелі
үлесін қоспайды ма? Тұр­ғындар да жергілікті тұрмыстық өнімдердің нәпақасын алар
еді, – деді К.Сауранбекова.

Кәсіпкер Б.Сейітова
Жалағаш кенті іші­нен көкөніс сақтайтын қойма салғысы ке­ле­тінін, алайда, сол құрылыс
басына электр желісін жеткізу қолбайлау болып отыр­ғанын ашына айтса, Е.Жайлыбаев
өз қар­жысы есебінен кент ішінен халыққа тұр­мыстық қызмет көрсететін екі қабатты
орта­лық аш­қысы барын, десе де, құрылысты бас­тайтын жер учаскесін алу үшін көптен
бері тиісті ме­кемелердің есіктерін тоздырып жүр­ге­нін жеткізді. Сондай-ақ, К.Қанатбаева,
М.Тұр­ғановтар өз кәсіптеріне байланысты құ­жаттарды дайындауда жылдар бойы сергел­деңге
салынып, тиісті мекемелердің кедергі келтіріп отырғандықтарын да жасырмады.

Кәсіпкерлердің
мұң-мұқтаждарын бай­ып­пен тыңдап, сарапқа салған аудан әкі­мі шынында да Жалағаш
ауданында өзге ау­дан­дармен салыстырғанда кәсіпкерлерді қол­дау жағы кемшін екендігін,
сондықтан да олар­дың үлкен жобаларды жүзеге асыруда мүмкіндіктері шектеліп отырғандығын
жет­кіз­ді. Осы орайда аудан басшысы кәсіп­керлік саласы басшысы С.Кариповке ау­дан
аумағындағы кәсіпкерлердің ай сай­ын басын қосып, ақылдаса отырып, түй­інді мәселелерді
шешуге дер кезінде ық­пал етуді қатаң тапсырды. Сондай-ақ, мем­лекет тарапынан кәсіпкерлерге
берілетін же­ңілдіктер мен қолдаулар барынша түсін­діріліп, насихатталуы керек-ақ.

Жиын соңында аудан
аумағындағы кә­сіпкерлер мен мемлекет тарапынан осы саламен айналысатын мекеме басшылары
бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, яғни, бірлікпен тірлік жасауға келісімге
келді.

Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.

Жалағаш ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз