СОТ ЖҰМЫСЫНЫҢ САПАСЫ АРТАДЫ

52

0

– Жаңа жылдан
бастап пайдалануға бері­летін Қылмыстық кодекстің қазір­гі қолданыстағы
кодекстен басты айыр­машылығы ең алдымен құрылымдық өзгешелігінде дер едік.
Бүгінгі қолда­ныстағы кодексте 393 бап болса, жаңа кодексте 467 бап бар. Яғни,
онда бұ­рын қамтылмаған жаңа түсініктер мен қылмыстық жа­уап­кершіліктердің бар­лы­ғын
бағамдаймыз. Жаңа кодекстің жал­пы бөлімі қазіргі қолданыстағы ко­декстен көп
өзгермеген. Ол 7 тараудан тұрады, дегенмен, қо­сым­ша үш бап қо­сылған. Ал,
негізгі өзге­рістер негізгі бөлімнің еншісіне тиеді. Қолданыстағы кодекстің
негізгі бөлімі 17 тарау болса, жаңа кодекс 18 тараудан тұрады. Қо­сым­ша
«медициналық қылмыстық құ­қық­бұзушылық» деп аталатын жаңа тарау
қосылған.

Басты
өзгешеліктің бірі ретінде қыл­мыстық жауапкершілікке байланысты жаңа
түсініктердің қосылуын атап өткі­міз келеді. Аса ірі және ірі көлемде за­лал
келтіру түсінігімен бірге ұсақ за­лал келтіру түсінігі енгізілген, адам
денсаулығына залал келтіруді дәреже­леу­де де бірқатар жаңа өлшемдер қосыл­ған.
Жемқорлық қылмысты саралауға 21 қылмыстық әрекет түрлері енгізілген. Мұның бәрі
бұ­рын­ғыдай қылмыстық әре­кеттің бәрін бір топқа жатқыза сал­май, оның
деңгейіне қарай саралап, жаза мөлшерін соған сай тағайындауға үлкен
мүмкіндіктер береді. Жаңа Қылмыстық кодексте осындай 41 жаңа қылмыстық әрекет
түсінігі келті­рілген.

Қылмыстық
кодекстегі ең басты жа­ңа­лық ретінде қылмыстық жазаға тар­тылуға жатқызылатын
әрекеттерді екі буынды деңгейде қарастыруды атап өту­ге болады. Бірінші буынға
қылмыс жатқызылса, екінші буынға қылмыстық әрекет жатқызылады. Қылмыстық әре­кетке
қылмыстық заңдарды бұзу және қоғамға қатер төндіретін әрекеттер жат­қы­зылады.
Мұндай әрекеттер әкім­шілік жауапкершілікке ұшырататын әре­кет­терден
қатерлілеу және қылмыспен са­лыс­тырғанда залалсыздау.

Тағы бір жаңалық,
қолданыстағы кодексте үш түрлі қауіпті қылмыскер (рецидив) түсінігі
қарастырылса, енді екі түрлі қауіпті қылмыскер түсінігі бол­мақ. Ол: қауіпті
қылмыскер, аса қау­іпті қыл­мыскер.

Жаңа Қылмыстық
кодекс­те айыппұл төле­ту ар­қылы жазаға тар­ту­ басымдығы қарас­тырылған. Айып­пұл
мөлшері қол­­­да­ныс­тағы заңмен са­лыс­тырғанда едәу­ір арт­ты­рылған.

Жалпы алғанда,
жаңа Қылмыстық ко­дексте қылмыстық заңбұзушылық үшін жауапкершілік жан-жақты ай­қын­далып
нақтыланған. Мұның өзі су­дьялардың жұмысын оңайландырып қа­на қоймай, сот
шешімі сапасының ар­туына да игі ықпалын тигізеді деген се­нім бар.

А.СҰЛТАНБЕКОВ,

Қызылорда
қаласының

№ 2 сотының судьясы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз