СУ ҚАУПІНЕН САҚТАНАЙЫҚ!

57

0

СУ ҚАУПІНЕН САҚТАНАЙЫҚ!

Жаз маусымы басталысымен, Сыр­дың аптап ыстығы да тұрғындардың ты­ны­шын алуда. Күн ысыған сайын су жаға­лауларындағы халықтың қарасы көбейетінімәлім. Осыған орай жаз айларында су
айдындарында азаматтардың суға шомылу кезіндегі сақтық шараларын сақтамауы салдарынан түрлі оқыс оқиғаларға ұшырауы жиі орын алады.

Өткен жылға көз
салсақ, суға түсу ережелерін сақтамай, су айдындарындағы түрлі талаптарды орындамай көз жұмғандар саны 8 адамды құраған. Биылғы жылдың көрсеткіші бойынша облыс көлемінде орна­ласқан су айдындарынан 7 адам суға кетсе, оның 3-і
кәмелет жасына толмаған балалар. Құтқарушы мамандар қырағылық та­ны­тып, бір баланы ажал тырнағынан ара­­ша­ласа, дер кезінде көрсетілген көмек­тің нәтижесінде 5 адам аман қалды.Орын алған жағдайлардың себептері де әр­түрлі. Мәселен, бірі дарияның немесе каналдың кез келген жеріне суға түссе, кей­­бірі жағалауда спирттік ішімдік іш­кен. Мезгілсіз уақытта және судың сал­қындығын ескерместен суға шомылып, суға түсу ережелерін сақтамағаннан да
қайғылы жағдайларға ұшырауда. Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру, оған қоса жүзе білмейтіндігі салдарынан келеңсіз жағдайлар орын алуда. Сонымен бірге, мек­теп оқушылары, оқу орындарының жас­тары мен ересектердің табиғат аясына шығып, демалыс уақыттарын өзен мен көл
жағаларында ұйымдастыруы кең
етек алуда. Қазіргі таңда суда құтқару қызметінің бөлімшелері тек
қала орталығында, Арал, Қазалы және Жаңақорған аудандарында ғана орналасқан.

– Алдын алу шараларына келетін болсақ:Облыстық СЭС басқармасымен, ҚІІМ қыз­меткерлерімен арнайы рейд жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылды. Жергі­лікті телеарналардан суға кетудің алдын-алу шараларын насихаттау жөнінде хабар­ландырулар берілді. Облыс көлемінде орналасқан су айдындарының адам өміріне аса қауіпті аймақтарына «Суға түсуге болмайды!”, «Суға түсуге тыйым салынады!” деген ескерту қалқандары мен арнайы тақтайшалар, халық көп шоғырланған мекендерге судағы қауіпсіздікті сақтау ша­ра­ларына байланысты арнайы билбордтар ілін­ді, – дейді «ҚР ТЖМ Қызылорда об­лысының ТЖД Суда құтқаруқызметі” ММ-нің басшысы Арыстан Алмашев.

Сондай-ақ, сала басшысы бұл салада мамандардың тапшы екендігін де тілге тиек етті. Алдағы уақытта олар құрамын сапалы, білікті мамандарға арттыратынын да жеткізді.

Жаз маусымы – мектеп оқушыларының демалыс уақыты. Сондықтан көп уақыттары лагерьлер мен демалыс парктерінде өтеді.Осыған орай мамандар облыс көлемінде орналасқан лагерьлерде қауіпсіздікті сақтау шараларын насихаттау мақсатында арнайы су айдындарын бақылауға алу, демалушы балаларға алғашқы суда жүзу тәсілдерін үйрету сабақтарын жүргізу және суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау мен алғашқы жәрдемді үйрету жұмыстарының жүргізіліп жатқанын да мәлімдеді.

Ұйымдастырылған шараларға Сырдария өзеніне және өзен-көл жағалауларына жа­қын орналасқан елді мекендердің оқушы­лары қатыстырылуда. Сондай-ақ, суға түсу кезінде, спорт залда және бассейнде қала көлеміндегі мектептердің 8-9-10 сынып оқушылары арасында тиісті орындармен бірлесіп жарыстар өткізілуде.

Осы ретте «Сақтансаң, сақтаймын” де­ген даналық сөз бекер айтылмаса керек. Сондықтан, суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шараларына бей-жай қарамаған дұрыс.

 

Назерке БАЙДІЛДАЕВА,

Қорқыт
ата атындағы

ҚМУ-дың студенті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз