Сыйлық сатушы

781

1

 Біздің үй қаланың шетіндегі Титов қыстағында орналасқан. Жексенбіні пайдаланып, үйдегі біраз шаруаларымды бітіріп тастайын деп, кір жууға кірістім. Подъезд алдында бір топ бала ойнап жүр.

 Біршама уақыт өткен соң сырттан  жасөспірім баланың айғайлаған даусы естілді.

– Сыйлық сатам, сыйлық аламыз, сыйлық! – деген дауыстан балконға қарай жүгіре жөнелдім.  

    Жұпынылау киінген. Жанарынан тамшыдай ғана мұң табы байқалады. Жұп-жұмыр денелі ойын баласының алдынан мұншалықты сыйлық көремін деп ойламадым. Қорап толы, дорбасының өзі кез-келген адамның қызығушылығын оятады. Әр қорап сыртының безендірілуінің өзі көздің жауын алады.

    Көкейге қонған сауалды қоймай тыныш таппайтын мен сол жерде шыдамсыздана:

– Сыйлықтарың қаншадан? –, деп едім. Әлгі бала:

– 100 теңгеден, – деп қуана-қуана жауап берді.

Қуанған көңілін қимайын деп, дереу әмияныма қарай беттедім де, өзіме ұнаған 1-2 сыйлықты сатып алдым.  

    Әдетте, ойын баласының көбісі доп тебуге, асық ойнауға, одан қалса үйде отырып телефонға телміретіндерін жиі көзіміз шалады. Ал, бұл «сыйлық сатушының» кішкене болса да ата-анасына деген көмегі,  өз ісіне деген жауапкершілікпен қарағаны, жастайынан жұмыс істеуге деген құлшынысы көңілге қуаныш ұялатты.

Гүлжанат Қадырбек,

Қорқыт Ата атындағы ҚУ-дың 4-курс студенті

«Сыр бойы»  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<