СЫР САҚШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ

54

0

Қызылордалық полиция қызметкерлері «Учаске» алдын алу шарасы кезінде тұрғын үйлерді аралап, тұрғындардың жай-күйімен танысқан болатын. Осы шарада Тасбөгет кентінің тұрғыны Жібек Жақсыбалаеваның 8 бала өсіріп, бірнеше жылдан бері пәтер жалдап тұратындығы анықталды. Алтын құрсақты ананың отбасындағы қиындықты көрген қалалық ішкі істер басқармасының ұжымы қол ұшын созуды ұйғарды. 
Тұрақты жұмысы жоқ отағасы Сарыбасов Беріктің құрылыс орындарында мезгілдік жұмыста жүргені белгілі болды. 2012 жылы пәтер кезегіне тұрған оларға бұл мәселе шешімін табар емес. Шаңырақтағы балалардың үлкені 6-сыныпта оқыса, ең кішкентай егіз қыздары 1 жасқа енді толыпты.
Қызылорда ҚІІБ бастығы Ғани Тұрсекеев көпбалалы отбасының жағдайымен танысып, азық-түлік пен қаржылай көмек ұсынды.
Көпбалалы ана Жібек сақшыларға шексіз алғысын білдірді.
Қалдыбек АБДУЛЛАЕВ,
Қызылорда ҚІІБ баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз