СЫРҒА ТОЛЫ СЫҒАНАҚ

84

0

СЫРҒА ТОЛЫ СЫҒАНАҚ

Біздің ауылдың іргесінде Сығанақ қаласы бар. Қазақ халқының өмірінде орны ерекше көне қаланың тарихы жайында қайталап айтып жатпай-ақ қоялық. Оның сыры ашылмаған кейбір жайлар жайында тілге тиек етуді жөн көрдік. Ескі шаһар Қаратау мен Сырдарияның орта бөлігіне қоныс тепкен. Сығанақта мекен еткен халық отырықшылыққа бейім болған. Сол замандарда егін егіп, бау-бақша жайқалтқан. Бұл деректер түрлі жазбаларда айтылады.

Бүгін де осы аймақта егін
шаруашылығы жақсы дамыған. Көне қала маңындағы ел жерден несібе тереді.
Жұртшылық түсіне алмай жүрген жайттар баршылық. Әсіресе, күрішке жіберген суға
байланысты осындай түсініксіз жайлар кездеседі. Өйткені, егінге пайдаланылған
су жоғалып кетіп жатады. Қаншама су
жіберілсе де, атыздар суға толмайды екен. Неге? Не себепті? Оны қарапайым еңбек
адамдары түсіне қоймайды. Тақтайдай тегіс алқапта су қайда жоғалады?

Ескіден естуімізше, Сығанақта
жерасты жолы болған деседі. Жаңағы жіберілген су сол тесіктерге сіңіп жоғалатын
көрінеді. Егіншілер қанша су жіберсе да, бәрібір тола қоймайды. Су сіңген
тесіктерге тас тастаса, тоқтамай кете беретін көрінеді. Жерасты жолы туралы
түрлі мәліметтер де айтылады.

Көне шаһардағы жерасты жолы
қандай мақсатта қазылған? Оған байланысты түрлі жорамалдар бар. Қазақ даласында
қаншама жаугершілік заман өтті. Осындай сәттерде қас дұшпаннан құтылудың сан
түрлі жолдары болған. Жерасты жолы осындай айла-тәсілдерге пайдаланылған
деседі. Бір қызығы, Сырдың жағасындағы көптеген көне шаһарларда осындай жерас­ты
жолдары болғаны жайлы талай дуалы ауыздан естігеніміз бар.

Олардың барлығы бірнеше
шақырымға созылады. Қазіргідей техника жоқ кезде мұндай жұмысты атқару оңайға
соға қоймасы тағы да белгілі. Әрине, олар сол жердегі жұрттың күшімен қазылған.
Оған да таңғалмасқа лаж қайсы?

 

Маржан

ШОХАНОВА,

№194 «Сунақата» орта
мектебінің мұғалімі.

Жаңақорған

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз