СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ОЗАТТАРЫН МАРАППАТТАДЫ

127

0

Егін шаруашылығы саласында үздік көрсеткішке жеткен шаруашылықтар арасындағы «Сырдария ауданының жеңімпаздары»
1. Ауданда егін шаруашылығы саласында «Үздік шаруашылық» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен «Шаған Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды. Шаруашылық 3090 гектар күріштіктің әр гектарынан 61 центнерден өнім жинаған. Төрағасы Қадыров Бердібек.
2. Ауданда егін шаруашылығында күріш өндірісін дамытуда оның ішінде жоғары репродукциялы тұқым өндіру, техника паркін жаңалауда «Озат шаруашылық» номинациясы бойынша II дәрежелі дипломмен «Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды. Шаруашылық 2242 гектар күріштің әр гектарынан 61,0 центнерден өнім жинаған. төрағасы Ералиев Дархан Жұмашұлы.
3. Ауданда егін шаруашылығы саласында «үздік шаруа қожалық» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен «Қызылдихан» шаруа қожалығы марапатталады. Шаруашылық 850 гектар күріштің әр гектарынан 76,2 центнерден өнім жинаған. Төрағасы Құлбаев Алданберген.
4. Ауданда егін шаруашылығы саласында «Озат шаруашылық» номинациясы бойынша II дәрежелі дипломмен «Ақжарма және К» шаруа қожалығы марапатталады. Шаруашылық 1200 гектар күріштіктің әр гектарынан 70 центнерден өнім жинаған. төрағасы Нұрсейтов Қайрат.
5. Ауданда егін шаруашылығы саласында «Озат шаруашылық» номинациясы бойынша II-дәрежелі дипломмен «Ақжарма-1» шаруа қожалығы марапатталады. Шаруашылық 1206 гектар күріштіктің әр гектарынан 62 центнерден өнім жинаған. төрағасы Айтанов Шакизамен.
Ауыл шаруашылығы саласында жоғары көрсеткішке жеткен «Сырдария ауданының жеңімпаздары»
6. «Үздік өндіріс бригадирі» номинациясы бойынша «БАҚ» шаруа қожалығының бригадирі Күшікбаев Бақытжан Бәкуұлы марапатталады. Өзіне бекітілген 400 гектар күріштің әр гектарынан 72,4 центнерден өнім жинаған.
7. «Үздік күріш өсіруші» номинациясы бойынша «Мағжан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күрішшісі Бизақов Нұрлыбек Маратұлы марапатталады. Өзіне бекітілген 35 гектар күріштің әр гектарынан 81,4 центнерден өнім жинаған.
8. «Үздік күріш өсіруші» номинациясы бойынша «Құндыздымай» шаруа қожалығының күрішшісі Бақтыбаев Талғат Зарқұмұлы марапатталады. Өзіне бекітілген 55 гектар күріштің әр гектарынан 105,0 центнерден өнім жинаған.
9. «Үздік комбайнер» номинациясы бойынша «Ақжарма-2» шаруа қожалығының комбайнері Күшікбаев Ерлан Өмірбекұлы марапатталады. «Торум-750» маркалы комбайнымен 35700 центнер астық бастыруды қамтамасыз еткен.
10. «Үздік жатка машинисі» номинациясы бойынша «Шаған Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің астық орушысы Әбулаков Жанболат марапатталады. Күріш ору науқанында «ЖРК-5» маркалы жаткасымен 520 гектар күріш орып, маусымдық межесін 260 пайызға орындаған.
11. «Үздік астық тасымалдаушы» номинациясы бойынша «Мәді Қажы» атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күріш тасу науқанында «ХТЗ-150» тракторымен 37 200 центнер күріш тасығаны үшін Төлегенов Серік марапатталады.
Ауданның егін шаруашылығын дамытуға үлес қосқан «Аудан озаттары»
12. «Озат өндіріс бригадирі» аталымы бойынша«Қызылдихан» шаруа қожалығының бригадирі Бисенбай Нұрлан Пермебайұлы алғыс хатпен марапатталады. Өзіне бекітілген 36 гектар күрішті агротехникалық шараларға сай күтіп баптап, оның әр гектарынан 93,5 центнерден өнім жинаған.
13. «Озат күріш өсіруші» аталымы бойынша «А.Тоқмағанбетов ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күріш өсірушісі Смайлов Жұмағали Сатыбалдыұлы марапатталады. Өзіне бекітілген 65 гектар күрішті агротехникалық шараларға сай күтіп баптап, оның әр гектарынан 47,6 центнерден өнім жинаған.
14. «Озат комбайнер» аталымы бойынша «С.Сейфуллин Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің комбайнері Әбікенов Мейірхан Серікұлы марапатталады. «Енисей-1200» комбайнымен 10 000 центнер астық бастыруды қамтамасыз еткен.
15. «Озат жаткист» аталымы бойынша «Бесарық» шаруа қожалығының жаткисі Танкибаев Мирамбек Омарович марапатталады. Күріш ору науқанында «Енисей-1200» жаткасымен 250 гектар күріш орып, межесін 166,0 пайызға орындаған.
16. «Озат агроном» аталымы бойынша егілген егінді агротехникалық шараларға сай күтіп баптап, мол өнім өндіргені үшін «Ақжарма и К» шаруа қожалығының агрономы Машрапов Мұрат марапатталады.
17. «Озат гидротехник» аталымы бойынша егілген ауыл шаруашылығы дақылдарын аяқ сумен қамтамасыз етіп, мол өнім алуына үлес қосқаны үшін «Шаған Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің гидротехнигі Жаңабергенов Бақытбек Серікбайұлы марапатталады.
18. «Озат инженер-механик» аталымы бойынша егілген егінді ысырапсыз төкпей шашпай, техникалардың жүріп тұруын қамтамасыз еткені үшін «Мәді Қажы» атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженер – механигі Сүлейменов Айтуған марапатталады.
Ауданның ауыл шаруашылығы саласының жетістіктерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағандар.
19. Ауданының тыныс-тіршілігін журналистік шеберлікпен облыс көлемінде насихаттап, ауыл еңбеккерлерінің атқарып жатқан игі істерін облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жарық көруіне ықпал еткені үшін «Қазақстан Қызылорда» телеарнасының редакторы Есқалиев Бекзат Нұрғалиұлы марапатталады.
20. Ауыл еңбекерлерінің тыныс-тіршілігін, игі істерін аса шеберлікпен бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялауын қамтамасыз еткені үшін «Қоғам ТВ» Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясының қызметкері Тұрашов Нұрымжан Серікұлы марапатталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз