СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ АРТТЫ

49

0

Облыс бойынша кедендік бақылау департаменті өткен жылы қазына қоржынына 17 млрд. 332 млн. теңгедей кеден баждары мен салықтарын түсірді. Бұл тапсырма 101,5 пайызға орындалды деген сөз. Төлемдердің негізгі үлесін қосымша құн салығы мен әкету кеден бажы құрайды.
Экспортталған тауарлардың басым бөлігін мұнай және мұнай өнімдері құрап, оның көрсеткіші 92 пайызға тең болса, сыртқа жөнелтілген тағы бір бағалы тауар – табиғи уран концентраты. Ол 7,1 пайыз болған.
Сонымен, облыстың сыртқы сауда айналымы былтыр 1 млрд. 690 млн. 240 мың АҚШ долларын құраған. Талдау көрсеткеніндей, алдағы жылмен салыстырғанда импорт 36 пайызға азайса, экспорт көлемі екі пайызға өскен көрінеді.
Кеденшілер құқық қорғау бағытында да бірқатар шаралардың оң шешімін табуына үлес қосыпты. Жыл көлемінде экономикалық қылмысқа қатысты жиырма, сондай-ақ төрт жүздей әкімшілік құқық бұзушылық істер қозғалып, 11,7 млн. теңге айыппұл салыныпты. Бұдан басқа қызметтік иттердің көмегімен 50 келіден астам есірткі заттары заңсыз айналымнан алыныпты.
Сонымен бірге, кеденшілер жеті жоспарлы, алты жоспардан тыс және елу алты камералдық тексеру жүргізіп, нәтижесінде бюджетке қосымша 797 млн. 169 мың теңгенің кеден төлемдері мен салықтарын өндірген. Тексеруге алынған тұлғалардың жиі жол беретін заң бұзушылықтары негізінен тауарды тауар номенклатурасына сәйкес сыныптамау, тауардың кедендік құнын төмендету, тауарлар мен көлік құралдарын декларацияламай өткізу.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз