ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЛАУАЗЫМ ИЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

105

0

Сейсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтің төрағалығымен актив жина-лысы өтіп, онда аймақ басшысы жаңадан тағайындалған лауазым иелерін таныстырды.
– Кеше облысымызда бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, ҚР Президенті жанындағы кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссияның және тиісті мәслихаттың келісімдерімен Қазалы ауданының әкімі лауазымына Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлы, Шиелі ауданының әкімі лауазымына Оразбекұлы Әшім, Жалағаш ауданы әкімі қызметіне Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы тағайындалды. Нәжмадин Шакизадаұлы Шамұратов облыс әкімінің құрылыс мәселелері бойынша кеңесшісі болып тағайындалып отыр. Нәжмадин Шакизадаұлы тәжірибелі құрылысшы екенін білесіздер. Қазалы ауданында көптеген құрылыс нысандарының салынуына  үлес қосты. Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, – деді аймақ басшысы.
Жиын соңында аймақ басшысы жаңа лауазым иелеріне ел мүддесі үшін қызмет ететіндеріне сенім білдірді.
Айнұр БАТТАЛОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз