ТАБИҒАТ САҚШЫЛАРЫ

51

0

«Жалағаш орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi” коммуналдық мемлекеттiк мекемесi 1993 жылы Тереңөзек орман шаруашылығынан бөлiнiп, Жалағаш ауданы әкiмiнiң қаулысымен құрылды.

Мемлекеттiк орман қо­ры жерi – 769482 гек­тар, оның iшiнде ор­манмен көм­керiлгенi 266838 га құрайды. Ме­­кеменiң ма­те­риалды-тех­никалық ба­засында 2 Уаз автокөлiгi, 6 трак­тор, 1 өрт сөндiру ав­томашинасы, 7 мото­цикл, 3 мiнiс аттары және бас­қа да ағаш егу, өрт сөндiру техникалары бар.

Мекеме бойынша үстi­мiздегi жылы жергiлiктi халыққа отындық сүректi босату мақсатында 1 601
700 теңге қаржы түсi­ру жос­парланса, қазiргi таңда 443 мың тең­ге бюд­жетке өткiзiлдi.

Мемлекеттiк орман қорын жанама пай­далану қызметтерi бойынша мал жайы­лымдық үшiн 8 жеке тұлғаның ары­зы бойынша уақытша 1 жылға жер берiлiп, одан 68800 теңге орман табысы жергiлiктi бюджетке түсiрiлдi.

Орман қоры жерлерiне 37 рейд ұй­ымдастырылды. Соның нәтижесiнде ор­ман заңдылығын бұзған 4 азамат және заңсыз аң аулау ережесiн бұзған 4 азамат анықталды. Орман заңдылығын бұзған 1 азаматтың iсi сотқа жолданып, соттың қаулысымен тәртiптiк жаза берiлдi. Таби­ғатқа келген зиян 24076 теңге толық өн­дiрiлдi. Заңсыз аң аулау бойынша 4 азаматқа ескерту жазасы берiлдi. Таби­ғат­қа келген зиян 7408 теңге толық өндi­рiлдi.

Облыстық прокуратураның №5 хат­та­масын орындау мақсатында киiк жа­нуарын қорғау үшiн арнайы 24 рейд ұй­ымдастырылды. Рейд барысында еш­қан­дай заң бұзушылық анықталған жоқ. Киiк жануарын қорғау үшiн арнайы 2 автокөлiк бөлiнiп, барлығы 25 адам жұ­мыс жасайды. Көрнектi жерге 2 дана билборд орнатылды.

Жылдық жоспарына сәйкес 200
га жерге мемлекеттiк орман қоры жерiне 72000 дана сексеуiл, 2500 дана Сыр талы кө­шеттерi отырғызылды. Үстiмiздегi жы­­лы 1200 дана көшет сатылып, одан 120000 теңге қаражат арнайы есепшотқа тү­сiрiлдi. 2800 дана көшет көктемгi кө­гал­дандыру жұмыстарына сұраныс бой­ынша тегiн таратылды. Мекеме жаны­нан жаңадан мұзхана жасалып, оның iшiн­де 4 тн мұз салынып көктемгi уа­қыт­та көшеттер сақталды. Қазiргi кезде ек­пе көшеттерiне агротехникалық кү­тiм жасалуда. Сонымен қатар, күзгi мау­сымда 800
га жерге 400
кг сексеуiл тұқымын се­бу, 500
гектар жерге ағаш, бұталардың табиғи өсiп-өнуiне ықпал ету жұ­мыстары жүргiзiлдi.

Орманды жерлерге жа­­қын орналасқан ел­дi ме­­кен­­дерде ерiктi өрт сөндiрушiлер топ­та­­­­ры құрылып, олар­да өрт сөндiруге қатыса­тын ме­ханизмдер тiзiм­де­­ме­­сiн­де 11-трактор, 11-ав­то­­­машина және 84 қо­ғамдық өрт сөндiру бiр­лестiктерiнiң адамдары ке­­лi­сiм-шартпен бекiтiлдi. Өрт қаупi бар кезеңдерге кезекшiлiк кес­тесi жасалып, журнал ар­налды. Ерiктi 2-өрт сөндiру тобы құ­рылды.

«Бiтер iстiң басына, жақсы келер қасыңа» демекшi, өмiрлiк тәжiрибесi мол, iскер азамат аудандық мәслихат депутаты С.Еспанов мекемеге басшылыққа келген бiр жыл уақыт мерзiмде ел игiлiгiне арналған жарқын iстер жалғасын тапты. Жыл басынан берi мекеменiң ауласы кеңейтiлiп, тас төселiп, жаңадан қақпа орнатылды. Техникалар тұратын ангар құрылысы аяқталып, пайдалануға бе­рiлдi. Аула аймағына көшеттер мен гүл­дер егiлiп, күтiмге алынды. Мекеменiң кең­се ғимараты жөнделiп, есiк-терезелерi ауыстырылды. Қызметкерлерi арнаулы киiммен, техникалармен қамтамасыз етi­лiп, табиғат байлығын қорғау жолында жемiстi еңбек етуде. Әсiресе, орман кү­тушiлер Қ.Бекетов, Б.Азмаханов, Н.Тұр­ғанбаев, Е.Бисенов, Б.Алғаппаров, Н.Әлмұратов, Ә.Мақсұтов, Н.Байма­ха­нов, Қ.Оспанқұловтар жүйелi жұмыс ат­қарып, үлгi-өнеге көрсетiп келедi.

Алдағы жексенбi, яғни 21 қыркүйек – Орманшылардың кәсiби мерекесi. Табиғат сақшыларын төл мерекелерiмен құттықтап, еңбектерiне табыс, береке-бiрлiк тiлеймiз.

С.БЕРТАЕВ.

Жалағаш ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз