ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ

79

0

ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ

Уақыт
өткен сайын қоғамымызда өзекті мәселелер ауқымы кеңейіп келеді. Заман талабы
ма, әлде адамзат қажеттілігі ме, әйтеуір жылдан-жылға түтіні көк аспанды бұлтша
торлататын зауыт-фабрика саны артуда. Бұл – өркениеттің жаңаша бір көрінісі.
Әрине, мұндай фабрикалар арқасында еліміз аз да болса, өз қажеттілігін өтеп те
жатыр. Десек те, будақтаған түтін, жер астындағы алынған пайдалы қазбалардың
үңірейген орны, су бетіне төгілген мұнай қалдықтары қоршаған ортамызға өз залалын
тигізуде. Соған байланысты бертін келе «экология” ұғымы да ғылымға енгізілді.
Ғылыми тілде экология – бүкіл адамзат баласының тыныс-тіршілігіне атсалысатын
ғылымның жаңа бір саласы.

Жүсіпбек
Аймауытов: «экологиялық мәселелер ең маңызды өмірлік проб­лемалардың бірі ғой,
өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы болып отыр” деген екен.
Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Семей мен Павлодар облыстары
Қазақстандағы экологиялық аймақтар саналады. Ал, экологиялық аймақтың қанша
дегенімен адамға әсері болмай қоймайды. Жергілікті тұрғындарының көбі ісік
ауруына ұшыраса, кейбіреулерінің қысымы көтеріліп, тіпті кемтар жанға да
айналуы жиі кездеседі. Әрине, мұндай жағдайға ұшы­рағандарға мемлекет қаржылай
көмектесуде. Бірақ, табиғат жағдайы түзелмей, адам денсаулығы түзелмейді емес
пе?

Тағы да
жанға батар жайттардың бірі, тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемдік
мәселеге айналған – Арал теңізінің экологиясы. Теңіздің жойылып кетуі Орта Азия
мен Қазақстандағы ғана емес, көптеген Шығыс елдерінің де тыныс-тіршілігіне өз­герістер
әкелді. Әлемдік кли­маттың өзгеруі, шөлге айналуы, атмосферадағы ауыт­қу­шылықтар
мен антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады.

Қазақ
халқына орасан зор зардабын әкелген Семей полигоны да Қазақстандағы алдыңғы қатардағы
эколо­гиялық мәселелердің бірі. Мамандардың айтуынша, бұл зардаптан адамдар
ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің
құндылығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер – темір, мыс, магний және
басқа да металдар әртүрлі дәнді дақылдар арқылы адам ағзасына сіңіріледі.

Осындай
мәселелерге қарсы біздің экологтар мен билік басындағылар көптеген шаралар
қолданып жатыр. Соған байланысты 1994 жылы «Қазақстан Республикасының табиғаты
туралы заңдар мен Кодекстер” және 1997 жылы «Ерекше қорғауға алынған табиғи
территориялар туралы” заң мен сол жылдың ішінде «Қоршаған ортаны қорғау туралы”
заңдар қабылданды.

Қоршаған
ортамыздың байлығы, жер бетінің сәулеті іспетті, еліміздің дәулеті болып
есептелетін – жасыл әлем. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі мен көздің
қарашығындай қамқорлық керектігін ешқашан естен шығармайық!

 

Айдана ПЕРНЕБЕК.

Жаңақорған ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз